^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласы 2017 жылғы айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Алматы қаласы 2017 жылғы айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 800,5 млрд. теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,3% құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 639,9 млрд. теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда 104,1%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 314,3 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылмен салыстырғанда 103%-ды құрады.

2017 жылы 1 902,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2016 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 5,4%-ға өсті және 2 472,4 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 10 409,5 млрд. теңгені құрады (101,4%).

Жүк айналымы 100,3%, жолаушылар айналымы 100,7% құрады.

Байланыс қызметінен түскен кіріс 431,5 млрд.теңгені құрады (104,4%).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылдың желтоқсаны 2016 жылдың желтоқсанына 107,1%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 107,2%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –108,1%, ақылы қызметтер бойынша –105,8% -ды құрады.

Мемлекеттік бюджетке 1 769,5 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 102,1%, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 330,7 млрд. теңге (жоспар 100,4%), жергілікті бюджетке – 438,8 млрд. теңге (жоспар 107,8% ) түсті.

Алматы қаласының нақты бар бюджеті 449,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет шығындары – 343,2 млрд. теңге, республикалық бюджеттен трансферттер және несиелер – 106,4 млрд. теңге.

2017 жылы қаланың жұмыспен қамту Орталығы арқылы 34 708 адам іс-шаралармен қамтылды, оның ішінде 14 975 адам жұмысқа тұрды, әлеуметтік жұмыс орындарына 991 адам, жастар тәжірибесіне 1 201 адам қатысты. Қоғамдық жұмыстарға 3 085 адам қатыстырылды, кәсіби оқуға 5 495 адам жіберілді.

2017 жылы ИИДМБ шеңберінде Алматы қаласының кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша 3,5 млрд. теңгелік, 624 жұмыс орындарын құратын 15 жобалар іске қосылды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13