^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласы 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 639,2 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,8% құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 488,9 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 118,5%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 220,3 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,8%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында 1 327,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,5%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 12,9%-ға өсті және 2 125,1 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 7 499,3 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен 101,5%.

Тұтыну бағасының индексі 2018 жылдың қыркүйегінде 2017 жылдың желтоқсанына 103,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 102,5%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –104,3%, ақылы қызметтер бойынша –103,6% -ды құрады.

2018 жылдың 1 қазанына қаланың жұмыспен қамту Орталығы арқылы 28 924 адам іс-шаралармен қамтылды, оның ішінде 13 578 адам жұмысқа тұрды, әлеуметтік жұмыс орындарына 868 адам, жастар тәжірибесіне 1 040 адам қатысты, кәсіби оқуға 1 374 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 2 863 адам қатыстырылды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13