^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласы 2019 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 74,2 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,8% құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 34,4 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 114,9%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,8 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 102,9%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар айында 79,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,2%-ға өсті және 223,6 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 668,5 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 100,1%.

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылдың қаңтарында 2018 жылдың желтоқсанына 100,7%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 101,5%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –100,2%, ақылы қызметтер бойынша –100,1% -ды құрады.

2019 жылдың 1 ақпанына қаланың жұмыспен қамту Орталығы арқылы 1 331 адам іс-шаралармен қамтылды, оның ішінде 45 адам жұмысқа тұрды, әлеуметтік жұмыс орындарына 34 адам, жастар тәжірибесіне 32 адам қатысты. Қоғамдық жұмыстарға 1 220 адам қатыстырылды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13