^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласы 2019 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 241,8 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,2% құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 131 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 104,8%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 31,1 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,2%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында 275,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,3%-ға өсті және 707,9 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 2 143,2 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,4%.

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылдың наурызы 2018 жылдың желтоқсанына 101,2%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 104,6%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –100,8%, ақылы қызметтер бойынша –97,4% -ды құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріне қаланың жұмыспен қамту Орталығы арқылы 3 971 адам іс-шаралармен қамтылды, оның ішінде 1 101 адам жұмысқа тұрды, әлеуметтік жұмыс орындарына 587 адам, жастар тәжірибесіне 167 адам қатысты. Қоғамдық жұмыстарға 2 116 адам қатыстырылды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56