^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Жер қатынастары
« Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу » мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

« Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)  өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі  жер учаскелеріне құқықтарды алу »  мемлекеттік көрсетілетін қызмет  регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі « Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы » Заңының 16 бабы ның 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 « Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу » мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы » бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 тіркелген ) сәйкес Алматы қ аласы ның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін .

2 . Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі .

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Алматы қаласы әкімдігінің

« Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды)

өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі

жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы »

қаулысының келісу парағы

 

Енгізуші:

Алматы қаласы Жер қатынастары

басқармасының басшысы А. Ахметов

Келісілді:

Алматы қаласы әкімінің

орынбасары С. Мәкежанов

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы М. Сембеков

Алматы қаласы әкімі аппараты

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы Ж. Мұхамеджанов

Алматы қаласы әкімі аппараты

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

бақылау және ақпараттық технологияларды

дамыту   бөлімі басшысының

міндетін атқарушы Ғ. Бақытжанов

Алматы қаласы Сәулет және

қала құрылысы басқармасы

басшысының міндетін атқарушы Ж. Айтілеу

Таратылсын: 3 қабылдау бөлмесіне, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына, Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік-құқық бөлімдеріне, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына.

Орынд.: Г.С. Жолдасбаева

Тел.: 378 47 16

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13