^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Жасыл экономика

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу туралы Концепциясын жүктеу (.zip. 1.04 мб)

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының» орындалуы туралы есеп

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша 2013 жылы Алматы қаласының әкімдігі келесі іс-шараларды жүзеге асырды.

45 тармақ: Барлық ғимараттарда және коммуналдық кәсіпорындарда энергоаудитті 2015 жылдың соңына дейін, одан әрі 5 жылда бір рет жүргізе отырып, Қазақстан Республикасы облыстарының деңгейінде өңірлік іс-шараларды, сондай-ақ субсидиялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу – 2014 жылға «Алматы қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлеріне энергетикалық аудит жүргізуге» жергілікті бюджет қаражатынан 13 125, 0 мың теңге соманы бөлу жоспарланған.

64 тармақ: Астана және Алматы қалаларында қолданыста көмірмен жұмыс істейтін станциялар мен ЖЭС-ті газға ауыстыру арқылы жаңғырту жоспарларын әзірлеу – Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес «Алматы электр стансалары» АҚ 2014 жылғы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ҚР ИжЖТ министрлігімен 5 937,9 млн. теңге мөлшеріндегі сомаға Келісім жасады. Келісім шеңберінде 1-ЖЭО-ны газға көшіре, ШГТ/ГТҚ орната отырып, қайта жаңғырту және кеңейту жоспарланған. Жобаны іске асыру қаланың экологиясына стансаның әсерін төмендетуге мүмкіндік береді, жоспарлы іске асыру мерзімі – 2013-2016 жылдар.

Батыс жылу кешенінің жұмысын табиғи газды пайдалануға көшіру үшін қайта жаңғыртылуда (республикалық бюджет қаражаты есебінен). Осы жобаны іске асыру қоршаған ортаның ластануын төмендетуге және қосымша 200 Гкал мөлшердегі жылу қуатына деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.

Іс-шаралар жоспарының «Жанармайға (соның ішінде СКГ – сұйытылған көмірсутегі газы және КТГ – компримирленген табиғи газ) және энергияның перспективалы түрлеріне (соның ішінде электромобильдер мен гибридті автомобильдер, тиісті инфрақұрылымды дамыту) деген қолжетімділік тұрғысынан өңірлік ерекшелікті ескере отырып, 2014 - 2015 жылдары автокөлік паркінің оңтайлы құрылымы және үлес шығарындыларын кеміту және энергия тиімділігін арттыру үшін әр өңір бойынша автокөлік паркінің оңтайлы құрылымына көшу жөніндегі «жол картасы» бойынша ұсыныстар енгізу» 53 тармағы бойынша: а тмосфералық ауаны қорғау және автокөліктерден шығатын жалпы шығарындылардың деңгейін төмендету мақсатында компримирленген табиғи газбен жүретін көлік пен электр көлігінің санын арттыруға бағытталған қоғамдық жолаушылар көлігі экологияландырылуда. Қабылданған 2012-2016 жылдарға арналған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы шеңберінде:

- жергілікті бюджет есебінен 2-ші муниципалдық автопарк үшін, оның құрылысын 2014 жылдың 1 тоқсанында аяқтау жоспарланған, табиғи газбен жүретін 200 автобус сатып алынды;

- ЕҚҚжДБ-мен 2-ші муниципалдық автопарк үшін табиғи газбен жүретін 200 автобусты сатып алуды несиелендіру туралы келісім жасалған, ол 2014 жылдың басында алынады деп жоспарланған;

- мемлекеттiк - жеке меншiктiк әріптестiк шеңберінде тағыда 200 газбен жүретін автобус сатып алу жоспарда бар, ол автобустар екі жеке меншік компанияға беріледі. Автобустардың құны қаланың бюджетіне 5 жылдың ішінде қайтарылатын болады;

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен, аумағы 5 га жер телімі бөлінген Алатау ауданында №3 муниципалдық парктің құрылысына ТЭН әзірленуде:

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы жылы сығымдалған газбен жүретін 200 такси сатып алынды. М емлекеттiк-жеке меншiктiк әріптестiк шеңберінде конкурстың нәтижелері негізінде оның бәрі тұрғындарға қызмет көрсету үшін жеке меншік тасымалдаушы «Командир-такси» ЖШС-ға беріледі;

- жолаушылар көлігін жаңарту мақсатында жергілікті бюджет есебінен экспресс бағыттар үшін 6 автобус және таулы бағыттар үшін 10 автобус сатып алынды;

- жолаушылар электр көлігін жаңарту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 17 трамвай сатып алынды; ЕҚҚжДБ-ның несиелеу желісі бойынша сатып алынған 195 жаңа троллейбус жұмысқа кірісті, 2 бағыт - №16 және 25 бағыттар қалпына келтірілді;

- Алматы метрополитенінің құрылысы жалғасуды, екі стансаның құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру 2014 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. 2013 жылдың 1 желтоқсанына 5 984 859 жолаушы тасымалданған, 2012 жылмен салыстырғанда жолаушылар легі 12% (5 320 472 жолаушы) артқан. Пайдалануға берілгеннен бастап 12 млн. астам жолаушы тасымалданған;

- жоспарланып отырған жеңіл рельсті көліктің (ЖРК) құрылысы шеңберінде бұрыннан бар трамвай желісі негізінде ЖРК депосын салу үшін Алатау ауданынан 12 га жер телімін бөлу мәселесі шешілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖРК құрылысының концессиялық ТЭН-і әзірленуде;

- бағдар желісін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде: 10 бағыттың жүру сызбасы өзгертілді, 7 бағыттағы қозғалыс кестесі қайта қаралды; жаңадан 9 бағыт ашылды (оның ішінде, Алатау және Медеу аудандары тұрғындарына қаланың орталық аудандарымен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында); 1 бағыт алынып тасталды, 3 қалалық автобус бағыты қызмет көрсетуге муниципалдық автобус паркіне берілді.

Осылайша, қалалық 110 автобус бағытының 20 бағытында компримирленген табиғи газбен жүретін автобустармен қызмет көрсетіледі.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13