^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Инвестициялар

 

 

Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері

Инвестициялар

Тәуелсіздіктің 25 жылының ішінде Қазақстан қолайлы инвестициялық ахуал құру және әрі қарай экономикалық өсу жолында құралдар қорын құрды. Бұл мақсаттарда стратегиялық маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар құрылады және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар іске асырылады.

2015 жылдың қорытындыларына сүйенсек, негізгі капиталға салынған инвестициялар Алматы қаласы бойынша 532,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 2,3%-ға жоғары. Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары игерген негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі республикалық көлемнің 7,6%-ын құрады.

Алматы қаласының экономикасына инвестицияларды тарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін Алматы қаласының әкімдігі экономикалық өсудің келесі орындарын белгіледі:

«Алматы қаласының Алатау ауданында Индустриалды аймақ құру» жобасын іске асыру. Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың қызметінің бағыты – бұл қала үшін дәстүрлі өндірістік салаларды (тамақ, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия, машина жасау, құрылыс, жиһаз өнеркәсібі) әрі қарай дамыту болып табылады.

Алматы қаласында 2003 жылдан бастап, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «ИТП» АЭА) жұмыс істейді. «ИТП» АЭА өзін инновациялық ХАБ, біріккен ғылыми-білім, жобалау-құрылма және өндірістік кластер ретінде көрсетеді. «ИТП» АЭА жобасының негізгі мақсаты жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ ақпараттық технология (IT), телекоммуникация және байланыс, электроника және аспап құрастыру, энергия көздерін жаңарту, ресурсты үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану, түрлі мақсаттағы материалдарды шығару және оларды қолдану, мұнай мен газ өндіру, оларды өңдеу және тасымалдау салаларындағы жаңа кәсіпорындарды жан-жақты қолдау және олардың өсуі болып табылады.

Алматы қаласында «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді, оның қызметі әрі қарай шетелдік инвесторлардың деректер қорын қалыптастыра отырып, қала үшін басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік және отандық инвесторларды іздестірумен байланысты.

Инвестицияларды тарту бойынша қызметті белсендіру, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуал құру мақсатында 2015 жылғы 9 қарашада Алматы қаласының әкімі Б.Қ.Байбек Алматы қаласына инвестицияларды тарту жөніндегі Қадамдық жоспарды бекітті. Жоспарда 28 іс-шараны іске асыру көзделген, олар үш топтамаға бөлінген. «Инвесторларға жағдай жасау», «Инвесторларды тарту» және «Инвестициядан кейінгі мониторинг».

Алматы қаласына инвестицияларды тарту мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жыл сайын « Almaty Invest » халықаралық инвестициялық форумын өткізіп тұрады, онда қаланың инвестициялық мүмкіндіктерінің, қаланың қаржылық құюды талап ететін экономикалық салаларының, сондай-ақ ірі жеке инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайларының тұсау кесерлері көрсетіледі.

2015 жылы Алматы қаласы импортының құрылымына талдау жүргізілді. Нәтижесінде, аса ірі көлемдерде импортталған 86 тауарлық топ белгіленді. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша импортты ауыстыруға бағытталған 48 инвестициялық жобадан тұратын тізбе құрастырылды. Қазіргі уақытта, аталған жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту бойынша жұмысы жүргізілуде.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының шеңберінде айтылған тапсырмасын орындау мақсатында Инвесторларды тарту және Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеті Алматы қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту, Алматы қаласының экономикасына инвестицияларды тарту бөлігіндегі инвестициялық стратегияны, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кеңес құрамына шетелдік және отандық инвесторлар, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік инвесторлар қауымдастықтарының, даму институттарының өкілдері енгізілді.

Бұдан басқа, инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою, сондай-ақ оларды тиімді алып жүруді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласына инвестицияларды тарту жөніндегі ұсыныстарды өңдеу бойынша Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен даму институттары басшыларының орынбасарлары кірді.

Алматы қаласында даму институттарының қаржылық және қаржылық емес өкілдіктері (Қазақстанның инвестициялық қоры, «Invest» АҚ, ҚДБ) негізделген, олар кеңес беру және шетелдерде іс-шаралар өткізу жолымен Алматы қаласына инвестицияларды тартуға және оларды арттыруға ықпал етеді.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында 2015 жылдан бастап, сыртқы экономикалық қызмет бөлімі жұмыс істейді, ол Алматы қаласына инвестицияларды тарту мәселелеріне жетекшілік етеді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13