^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / «ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

26 тамыз, 2015

Құрметті «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары!

2015 жылғы 10 тамыздан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелері Сіздердің «Валют-Транзит Банк» АҚ-тағы депозиттеріңіз бойынша қосымша өтем алуға өтініштеріңізді қабылдауды бастады. Осы уақыт аралығында 2 мыңнан астам салымшы ақшасын алу үшін хабарласты. Қалған салымшылардың басым бөлігі келесі аймақтар мен қалаларға тиесілі: Қарағанды облысы және Қостанай, Астана, Алматы, Павлодар, Орал, Өскемен қалалары.

Осы орайда, депозиттер бойынша төлемдердің жалғасып жатқанын «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының естеріне саламыз. Депозит бойынша 5 миллион теңгеге дейін қалдықты алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелердің тізімімен www.kdif.kz сайтында немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шұғыл желі номірі 8 800 080 10 20 арқылы таныса аласыз.

«Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшесінде келесі құжаттарды көрсету қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
  • мұрагерлер үшін - мұраға құқығын растайтын құжаттар;
  • өкілдер үшін - нотариуспен расталған сенімхат;
  • сіздің талап құқығыңызды растайтын өзге де құжаттар, жағдайға байланысты

Өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ-на барлық растайтын құжаттарды өткізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төленетінін еске саламыз.

Депозит калдығы туралы ақпаратты білу үшін Валют-Транзит Банк салымшылары келесі мекен-жай бойынша тарату комиссиясына хабарласа алады: Қарағанды қ. тарату комиссиясының бас кеңсесі, индекс 10000, Бұхар Жырау даңғылы, 51/1, тел. 8(7212) 996405.

Толығырақ ақпаратты ҚДКБҚ-ның шұғыл желі нөмірі арқылы 8 800 080 10 20 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден тегін) немесе агент банктің бөлімшелерінен алуға болады.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13