^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
2018 жылғы 9 айындағы Алматы қ. қаржы нарығындағы жағдай туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ

2018 жылғы 5 қараша

2018 жылғы 9 айындағы Алматы қ. қаржы нарығындағы жағдай туралы

Талдау 2017 жылғы 9 айымен салыстырылып жасалған.

1. Валюта нарық

2018 жылғы 9 айда теңгенің АҚШ долларына қатысты нарық бағамы бір АҚШ доллары үшін 320,7 – 366,77 теңге диапазонында өзгерді. Бір АҚШ доллардың орташа алынған бағамы қыркүйектің аяғында 367,34 теңгені құраған. Доллар сатып алу операцияларының көлемі 5,0%-ға төмендеп, 2065,7 млн. құрады. Сатылуы 7,6%-ға азайды, 3192,0 млн. құрады.

Еуро бағамы 388,98 – 427,82 теңге диапазонында өзгерді. Бір еуроның орташа алынған бағамы қыркүйектің аяғында 430,02 теңге болды. Сатып алу операцияларының көлемі 10,4%-ға төмендеп, 166,0 млн. құрады. Еуро сатылуы 3,6%-ға өсіп, 406,1 млн. құрады.

Бір Ресей сомы үшін бағам 5,27 – 5,77 теңге ауқымында өзгерді. Бір ресей сомының қыркүйектің аяғында орташа алынған бағамы 5,49 теңге болған. Сатып алу операцияларының көлемі 5,7%-ға өсіп, 8977,3 млн. құрады. Ресей сомының сатылуы 5,0%-ға өсіп, 17242,6 млн. құрады.

2. Депозит нарығы

2018 жылғы 1 қазан депозиттер көлемі 4143,3 млрд. теңгені құрап, 5,9%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға төмендеп, 3266,4 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 7,4%-ға қысқарып, 877,0 млрд. теңгені құрады.

Шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 65,0%-ды құрады.

Есепті кезең аяғында қысқа мерзімді депозиттер бойынша сыйақының орташа жылдық ставкалары 7,0% және тиісінше ұлттық және еркін-айырбасталатын валютада 0,4% құраған.

3. Кредит нарығы

2018 жылғы 9 айда банктердің берген кредиттері 30,2%-ға өсіп, 5989,0 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттер үлесі 83,0 % құрады. Кредиттеудің салалық құрылымы сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттарды сақтап қалған, тиісінше 42,4 % және 16,0 %.

Несие берешегі 5,1%-ға төмендеп, 6880,4 млрд. теңгені құрады.

Шағын бизнес кәсіпорындардарына берілген кредиттер бойынша несие берешегі 4,8 % -ға төмендеп, 1398,6 млрд. те ң ге ні құрады немесе 21,4 % -ға экономикадағы жалпы кредиттер көлеміне шаққанда.

Қыркүйекте банктердің кредиттері бойынша сыйақының орташа жылдық ставкасы теңгеде 12,5 % және қысқа мерзімге шетел валютасында 5, 6 % және теңгеде 18,8 % және ұзақ мерзімге шетел валютасында 6,3 % құрады. Шағын бизнес бойынша қысқа мерзімге тиісінше – 14,1 % және 6,0% және ұзақ мерзімге тиісінше – 17,5 % және 5,9%.

4. Тұтынушылық кредиттеу

Тұтынушылық кредиттеу бойынша несие берешегі 1223,5 млрд. теңгені құрады, өсуі – 12,8%. Ұлттық валютадағы қарпыздардың үлес салмағы 95,2% құрады.

Тұтынушылық мақсат үшін брілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек 113,5 млрд. теңге сомасында болған және 10,4%-ға өсті.

5. Ипотекалық қарыздар

2018 жылғы 9 айда құрылыс және үйді сатып алу үшін берілген ипотекалық кредиттеудің берешек сомасы жеке тұлғалар бойынша 312,6 млрд. теңгені және шағын бизнес субъектілері бойынша 474,6 млн. теңгені құрады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56