^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан Ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған «Теңгеге 25 жыл» коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік және 500 теңгелік, «рroоf» сапасымен күміс және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Теңгеге 25 жыл» коллекциялық монеталар айналысқа шыққаны туралы хабарлайды.

2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валюта – теңгенің енгізілуіне 25 жыл толады.

Номиналы 5000 және 500 теңгелік «Теңгеге 25 жыл» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталар алтындату және түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жылтыр бетінде 1997 жылғы үлгідегі номиналы 1 теңгелік монетаның алтындатылған бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра оңын номиналы, соғылған жылы, монета дайындалған металды, сынамы мен массасын білдіретін жазба және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» мен «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» жазбасы бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) 1993 жылғы үлгідегі қазақстандық монеталардың аясында номиналы 1 теңгелік банкнот бейнеленген. Банкноттың үстінде 1997 жылғы үлгідегі номиналы 1 теңгелік монетаның реверсінің алтындатылған бейнесі бар «Теңгеге 25 жыл» деген жазба және 1993 жылғы үлгідегі монеталар бейнеленген.

Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Теңгеге 25 жыл» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, номиналы және ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазба орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Ұлттық Банктің логотипі және ұлттық валютаның енгізілу жылын және монета соғылған жылды білдіретін «1993-2018» деген жазба, 1997 жылғы үлгідегі номиналы 1 теңгелік монета реверсінің бедерлі бейнесі бар «Теңгеге 25 жыл» деген жазба бейнеленген.

Номиналы 5000 теңгелік монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 1 кг, диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 200 дана;

Номиналы 500 теңгелік монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1000 дана;

Номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», таралымы – 30 мың дана.

Номиналы 5000, 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 273-83-98.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56