^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Бұлғын» коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Бұлғын» коллекциялық монеталар айналысқа шыққаны туралы хабарлайды.

«Бұлғын» (соболь) – сусар тұқымдасының ең бағалы өкілі. Қазақстанда Алтай өлкесінің тек қылқан жапырақты орманын мекендейді.

Номиналы 200 және 100 теңгелік «Бұлғын» монеталарының сипаттамасы:

Мельхиор қоспасынан «рrооf-like» сапалы және «brilliant uncirculated» сапалы монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей, «рrооf-like» сапалы монеталардағы бейне жылтыр бетте орналасқан.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жер ғаламшарын мекен ететіндердің барлығына ұқыпты қарауды білдіретін оның алақанында стильдендірілген бейнесі, монетаның тиісті номиналын білдіретін жазба және Қазақстан теңге сарайының сауда белгісі орналасқан. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазба бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қылқан жапырақты ағаштың бұтағында отырған бұлғын бейнеленген. Айналдыра «БҰЛҒЫН», «MARTES ZIBELLINA» (түрдің зоологиялық атауы) деген жазбалар және соғылған жылын білдіретін «2018» деген сан бейнеленген.

Номиналы 200 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы – 15,0 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы «proof-like», таралымы – 3 мың дана.

Номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», таралымы – 30 мың дана.

Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Мельхиор қоспасынан «рrооf-like» сапалы монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады.

Мельхиор қоспасынан «brilliant uncirculated» сапалы монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 273-83-98.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56