^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2018 жылғы 1-16 қараша аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

Тауарлар (қызмет көрсетулер) тобы

Есеп айында бағалар өзгерісі *

Себептер

1

Азық - түлік тауарлар

+

Түйінді пияз, сәбіз, қияр, қызылша, қырық қабат, қызанақ, күріш, сары май, картоп, құмшекер, алма, сиір еті, жұмыртқа, тауық еті, қой еті, жылқы еті, нан қымбаттады.

2

Азық - түлік емес тауарлар

+

Киім, тұрмыстық техника, жеке тазалық тауарлары, кір тазалағыш, дәрі-дәрмек, аяқ киім бағалары өсті.

3

ЖЖО

+

Дизель отынның бағасы қымбаттады.

4

Монополис -кәсіпорындарының көрсетілетін қызметтері

-

ТКК тарифтері 0,1%-ға төмендеді.

* «+» - бағаның көтерілуі, «-» - бағаның төмендеуі, «=» - бейтарап әсер.

2018 жылғы қараша қалада мониторинг тізбесіне азық - түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 85, 0% өсу байқалды. Мониторинг тізбесіне қосылған тауарлардың 20 позициясында 15,0% бағалар төмендеді. Мыналардың бағалары өсті: түйінді пияз – 51,0%-ға, сәбіз – 33,7%-ға, қияр – 33,6%-ға, қызылша – 31,4%-ға, қырық қабат – 22,%-ға, қызанақ – 13,4%-ға, күріш пен сары май – 10,0%-ға, картоп – 9,8%-ға, құмшекер – 7,7%-ға, алма – 7,3%-ға, сиір еті – 6,3%-ға, жұмыртқа – 5,8%-ға, тауық еті – 4,0%-ға, қой еті – 3,6%-ға, жылқы еті – 1,1%-ға, нан – 0,3%-ға. Мыналардың құны төмендеді: сут пен жоғарғы сұрып ұн – 2,8%–ға, өсімдік май - 1,0%–ға.

Азық -түлік емес тауарлар бойынша киім – 20,5%-ға, тұрмыстық техника – 19,1%-ға, жеке тазалық тауарлары – 10,0%-ға, кір тазалағыш – 9,0%-ға, дәрі-дәрмек – 1,8%-ға, аяқ киім – 0,7%-ға бағалары жоғарлады.

Жанар-жағармай материалдары дизель отын (0,7%) бағасының өсуіне байланысты қымбаттап кетті (0,3%).

Ақылы қызмет көрсету секторында ТКК тарифтері 0,1%-ға төмендеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56