^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Доңыз жылы» 500 теңгелік алтын және күміс коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы 2018 жылғы 19 қарашада номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Доңыз жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шыққаны туралы хабарлайды.

«Доңыз жылы» монеталары осы серияны жалғастыратын, алтын және күміс монеталардың тоғызыншы жұбы болып табылады. 2019 жылғы 5 ақпаннан бастап шығыс күнтізбесі бойынша доңыз жылы басталады.

Он екі қырлы монетаның идеясы жыл символын монетаның ішкі жиегінен ортасына қарай жылжыту арқылы жыл символының бейнесін жыл сайынғы ауыстыруға негізделген. Күнтізбе кейіпкерлері Еуразия халықтары космогониялық көріністерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Мүсіндік композиция авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және В. Кацевпен бірлескен авторлықта.

«Доңыз жылы» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2019 жылдың символы – доңыз бейнеленген. Монетаны айналдыра «2019», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ»,

«ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» деген жазулар жазылған. Монетаның ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Алтын және күміс монеталар он екі қырлы. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бірдей. Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 гр., сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 200 дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 гр., сипатталған шеңберінің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Алтын және күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 273-83-98.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56