^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 14 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Шаршы» 500 теңгелік күміс коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы 2018 жылғы 19 қарашада номиналы 500 теңгелік «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Шаршы» (өрнегі) коллекциялық монеталарын айналысқа шыққаны туралы хабарлайды.

Әрбір халықтың қолданбалы өнерінде өзіне тән ерекшелігі, ғасырлар бойы қалыптасқан өз өрнегі болады. Шаршы – халықтық ою-өрнек, ерекшелік белгісі, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен графикалық код.

«Шаршы» (өрнегі) монеталарының сипаттамасы:

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, жоғары бөлігінде соғылған жылы «2018» орналасқан. Сол және оң жақтан монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925» және «24g» деген жазбалар орналасқан. Айналдыра екі жазба – «ШАРШЫ» және рулық қазақ белгілерінен (таңба) алынған, монетаның латын транскрипциясындағы атауы – «SHARSHY» орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде алтындатылған ұлттық ою-өрнек және «ШАРШЫ» мен «SHARSHY» деген екі жазба орналасқан.

Монета төрт қырлы 31х31 мм. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 2 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 273-83-98.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56