^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 12 желтоқсан 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
2018-2019 жж. сақтандыру саласындағы негізгі өзгерістер

2018 жылы Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасына онлайн-сақтандыруды және жүктелген сақтандыруды енгізуге, туристерді міндетті сақтандыру, сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін кеңейтуге және сақтандыру төлемдеріне қосымша кепілдік беруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің құнын төмендетуге, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру компанияларының клиенттерінде сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы электронды нысанда сақтандыру шарттарын жасау мүмкіндігі пайда болды. Енді сақтандыру компанияларының кеңселеріне бару, сондай-ақ делдалдардың қызметтерін пайдаланудын қажеттілігі жоқ. Компьютерден, планшеттен немесе мобильді құрылғыдан Интернетке қол жеткізу жеткілікті. Электрондық полистерді жасау мүмкіндігі міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі. Онлайн-сақтандыруды енгізумен міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Мысалы, көлік құралдарының жүргізушілеріне сақтандыру қорғанысының болуын растау үшін қағаз сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруі қажет емес, өйткені бұл ақпаратты Жол полициясы қызметкерлері Бірыңғай сақтандыру дерекқорына электрондық сұрау салу арқылы ала алады.

Онлайн-сақтандыру сақтандыру компаниясының кеңсесі жоқ шалғай аймақтардың тұрғындары үшін сақтандыру қызметтерінің географиялық қолжетімділігін арттыру мәселесін шешуге көмектеседі.

Сондай-ақ, онлайн-сақтандыруды енгізу сақтандыру агенттеріне (делдалдарға) комиссиялық сыйақы төлеу түрінде сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру компанияларының шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, бұл халыққа сақтандыру полисінің соңғы құнын азайтуға әкеп соғады. Сақтандыру компаниялары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу кезінде 10%-ға дейін жеңілдік беруге құқылы.

Міндетті сақтандыру кезінде сақтандырудың барлық негізгі шарттары жеке заңнамалық актілерде белгіленген. Сақтандырудың мұндай тәсілі сақтандырудың стандартты және жаппай түрлері кезінде ыңғайлы. Алайда, кейбір сақтандыру түрлерінде клиентке және оның тәуекелдерге ілтипатпен қарау, икемділік қажет. Жүктелген сақтандыруды енгізу сақтандыру компаниясына де, оның клиентіне де шартта сақтандырудың икемді талаптарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Жүктелген сақтандыру – белгілі бір мамандықтар үшін міндетті болып табылатын сақтандыру, алайда оның талаптары тікелей заңмен емес, сақтандыру компаниясы мен оның клиенті арасындағы шартпен айқындалады. Тәуекелдердің нақты тізімін айқындау арқылы клиенттер үшін сақтандырудың оңтайлы бағасысын белгілеуге болады.

Сақтандыру заңнамасындағы өзгерістер шетелге шығатын туристерді сақтандыруынада қатысты. Атап айтқанда, туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудан туристердің өмірі мен денсаулығын сақтандыруға көшу орын алды.

Осылайша, туроператор жолдаманы сату кезінде туриске сақтандыру полисін (сертификатын) беруге міндетті. Сақтандыру сертификатында шетелдегі медициналық қызметтер бойынша көмекті тәулік бойы ұйымдастыратын халықаралық компаниялардың деректері көрсетіледі. Шетелде сақтандыру жағдайы басталған кезде турист тікелей медициналық ұйымға жүгінеді және медициналық қызметтерге ақы төлеу, шұғыл медициналық көмек және репатриациялау бойынша шығыстарды көтермейді. Бұл шығыстарды сақтандыру компаниясы туристке көмек көрсететін халықаралық компания арқылы өтейді.

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының сақтандыру саласында сақтандыру омбудсмен институты жұмыс істейді, ол сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру омбудсменінің өкілеттігі сақтандырудың барлық түрлеріне қолданылатын болады. Заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін омбудсман өкілеттігі тек қана автокөлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыруға қатысты болған.

Енді сақтандыру компанияларының клиенттері сақтандырудың кез келген түрлері бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерімен келіспеген жағдайда қорғау үшін сақтандыру омбудсменіне жүгіне алады. Сақтандыру омбудсмені жеке тұлғалар мен шағын кәсіпорындардың дауларын қарайтын болады. Дау сомасы 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 25 миллион теңгеге дейін шектеледі.

Сондай-ақ 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында құрылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жұмыс істейді.

Сақтандыру заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін сақтандырудың кепілдік берілген түрлеріне көлік құралдары иелерінің, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, туроператор және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныптары жатқызылған.

Қазіргі уақытта Қор еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкерлердің аннуитеттері мен зейнетақы аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдеріне қосымша кепілдік береді. Өмірді сақтандырудың бұл түрлері әлеуметтік-маңызды болып табылады.

Қор қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша төлемдердің үздіксіздігін және уақтылығын, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған жағдайда жасалған аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін болады. Кепілдік басқа сақтандыру компаниясына барлық міндеттемелерін бергенге дейін сақтандыру компаниясын таратудың транзиттік кезеңінде әрекет ететін болады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56