^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары «Қазпошта» АҚ-да өтемақы ала алады

1 ақпан 2019 жыл

Мәжбүрлеп таратылатын «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтем төлеу 2019 жылғы 4 ақпаннан 4 тамызға дейін «Қазпошта» АҚ орталық операциялық учаскелерінде өтеді. «Қазпошта» АҚ банк салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) атынан және қаражаты есебінен өтем төлеуді жүргізеді.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-да 267 миллион теңге сомаға 361 салымшының (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) депозиттері орналастырылған. 97% салымшылардың депозиттеріне толық көлемде кепілдік беріледі.

ҚДКБҚ қаражатынан төлеу 258,3 миллион теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес, 62 салымшының талаптары мен олардың банк алдындағы қарыздар бойынша міндеттемелері арасында өзара есеп айырысу жүргізілді (өтеу сомасы қарызды төлеу есебінен есепке алынды). Банктің 27 салымшысының депозитіндегі ақша қалдығы 0,50 теңгеден кем болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нөлге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісі қолданылады, және осы салымшылардың талаптары өтем есебіне енгізілмейді.

Осылайша, ҚДКБҚ-да банктің 272 салымшысына өтем төлеу бойынша міндеттемелер сақталады, оның ішінде 122 салымшының депозиттерде жалпы сомасы 8,8 миллион теңгеге депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасынан асатын қаражаты бар.

ҚДКБҚ 2019 жылғы 16 қаңтарға жинақталған (капиталдандырылған) сыйақыны ескере отырып, жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттері бойынша өтем төлейді, бірақ депозиттер бойынша ең жоғары кепілдік сомасынан артық емес:

  • 10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозит тер бойынша;
  • 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша;
  • 15 миллион теңге – «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-да бір мезгілде теңгемен және шетел валютасымен орналастырылған бір салымшының депозиттері бойынша (5 миллион теңге баламасынан аспайтын – шетел валютасындағы депозиттер бойынша).

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтеу теңгемен төленеді: өтеу сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 16 қаңтардағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады.

«Қазпо шта » АҚ ақшаны пошталық аударыммен теңге де өтеу төлемін жүргізеді. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары өтем төлеу тәсілін таңдау кезінде «Қазпо шта » АҚ көрсететін қосымша қызметтерді алу үшін жүгінуге құқылы.

Қазіргі уақытта ҚДКБҚ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның тарату комиссиясымен бірлесіп «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларына «Қазпошта» АҚ арқылы төлемдерді жедел жүргізу үшін бірқатар іс-шаралар жүргізуде.

1. Тарату комиссиясы тізілім қалыптастырады, онда сот шешімі заңды күшіне енген күнге теңгенің шетел валютасына нарықтық айырбас бағамының өзгеруін ескере отырып «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның әрбір салымшысына өтем төлеу, салымдар бойынша сыйақыны есептеу және капиталдандыру, кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша салымшылардың банк алдындағы ақша міндеттемелеріне депозиттердегі ақшаны өзара есептеу, сондай-ақ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардың шоттарына есептеу жөніндегі ҚДКҚ-ның міндеттемелері ескеріледі.

2. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясы әрбір салымшының тұрғылықты жерін ескере отырып, салымшыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді: «Қазпошта» АҚ орталық операциялық учаскелерінің мекенжайын хабарлайды, өтем алу тәртібін түсіндіреді.

3. ҚДКБҚ арнайы резерв қаражаты есебінен «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларына 258,3 миллион теңге мөлшерінде өтем төлеу үшін «Қазпошта» АҚ-н ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары қазіргі уақытта Қазақстанның бес қаласында ғана тұратындықтан, кепілдік берілген өтемді төлеу осы қалаларда «Қазпошта» АҚ орталық операциялық учаскелерінде (ООУ) жүргізіледі:

  • Астан да: Әуэзов к-сі, 13,
  • Алматыда: Бөгенбай батыр к-сі, 134,
  • Қарағандыда: Бұқар жырау д-лы, 39;
  • Павлодарда: Сәтпаев к-сі, 50;
  • Петропавлда: Пушкин к-сі, 61.

Өтініш беру және өтем алу үшін салымшылар ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге ала отырып, «Қазпошта » АҚ ООУ- ге жүгіну і қажет. Өтініш бланкісін «Қазпо шта » АҚ ООУ- нен алуға болады немесе электронды бланкіні www.kdif.kz Қ ДКБҚ интернет-ресурсына «Салымшыларға » бөліміне жүктеу арқылы алдын ала толтыруға болады. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылады, сондықтан банктік салым шарты немесе «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларының құқықтарын растау үшін кассалық кіріс ордер лері талап етілмейді.

Депозитордың өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі: «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-да ашылған депозиттерге (шоттарға) иелік ету өкілеттіктерін көрсете отырып, жалпы (бас) сенімхатты, сондай-ақ арнайы немесе біржолғы сенімхатты ұсынуға жол беріледі. Мұрагер жүгінген жағдайда мұраға құқықты немесе мұра қалдырушының ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда салымшының өкілі белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған сенімхатты ұсынады. Салымшының (мұрагердің) өкілінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары өтем төлеу жүргізілетін «Қазпошта» АҚ ООУ-нің жұмыс кестесін, мекенжайларын және телефондарын Қазпоштаның интернет-сайтында www.post.kz немесе 1499 байланыс орталығында нақтылай алады.

2019 жылғы 4 тамыздан кейін, «Қазпошта» АҚ-ға өтем үшін жүгінбеген салымшылар өтемді тікелей ҚДКҚ-нан алуға құқылы.

Салымшылар консультация алу үшін @kdif_ask телеграмм-чатқа, 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша ҚДКҚ call-орталығына жүгіне алады немесе www.kdif.kz ҚДКБҚ интернет-ресурсында сұрау қалдыра алады.

Төлем сомасы туралы сұрақтар

«Қазпошта» АҚ-да кепілдік берілген сома шегінде өтемді алудан басқа, ең жоғары өтем сомасынан артық депозиттері және есептелген, бірақ капиталдандырылмаған сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның тарату комиссиясына 2019 жылдың 25 наурызына дейін тиісті өтініш (шағым) бере отырып, талап қоюға құқылы.

Өтініш (шағым) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясының төрағасы Л.М.Әбділдаеваның атына еркін нысанда жазбаша түрде жасалады және келесі деректер көрсетіледі:

  • өтініш беруші – жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі),
  • банктік шот нөмірі (ЖСК/IBAN) немесе банктік шот, банктік салым шартының нөмірі,
  • кредитор алдындағы банктің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы (негізгі борыш пен сыйақының (тұрақсыздық айыбы және өзге айыппұл санкциялары, шығындар) мөлшері жеке көрсетіледі,
  • ақша аудару үшін төлем деректемелері,
  • пошталық деректемелер (индекс, мекенжайы) – тарату комиссиясынан кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы жауап алу үшін.

Өтінішке (наразылықтарға) талап етудің негіз демесі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет: банктік шот бойынша үзінді көшірме, банктік шот шарты, банктік салым, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариалды куәландыру талап етілмейді.

Егер банк пен кредитор арасында жасалған шартта өзге мерзімдер ескерілмеген болса, тарату комиссиясының келіп түскен кредиторлардың өтініштерін қараудың ең ұзақ мерзімі алынған күннен бастап екі аптаны құрайды.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өз қолымен немесе пошта арқылы «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның тарату комиссиясының келесі қалалардағы филиалдарына жіберілуі мүмкін:

  • Алматы қаласында: Бөгенбай батыр к-сі, 80, телефон дар: 8 (727) 266 30 87, 8 (727) 333 42 81, 8 (727) 333 42 69;
  • Астана қаласында: Иманов к-сі, 11 үй, «Н ұрс әулет-1» БО,
  • Павлодар қаласында: Кривенко к-сі, 27, телефон 8 /718/ 270 38 00;
  • Қарағанды қаласында: Кривогуз к-сі, 33, телефон 8/ 721/ 250 61 85;
  • Петропавл қаласында: Жұмабаев к-сі, 113, телефон 8 /715/ 237 24 15.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясы барлық кредиторлардың, оның ішінде банк салымшыларының талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті шаралар қабылдайды. Тарату комиссиясына өтініш берген «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-да орналастырылған депозиттер бойынша жеке тұлғалардың талаптары 4-кезекке енгізіледі және банктің активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Ақша 4-кезектегі барлық кредиторлардың шоттары бойынша біркелкі бөлінеді. Тарату өндірісіндегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банктің активтері мен мүлкінің жеткіліктілігіне және оларды өткізу нәтижелеріне байланысты болады.

«Қазпошта» АҚ-да төленетін кепілдік сыйақы сомасын есептеуге, валюта айырбастау бағамын қолдануға, сыйақыны есептеуге және капиталдандыруға, кепілдік сомасын және міндеттемелер сомасын есепке алуға байланысты мәселелер туындаған жағдайда да, салымшылар «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның тарату комиссиясына жүгінуі қажет.

Банк қарыз алушыларының назарына!

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-дағы тарату процесінің басталуы қарыз алушылар міндеттемелерінің орындалуын тоқтатпайды. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақының есептелуі уақытша тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушылар қарыздарды төлеу кестесіне сәйкес «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның тарату комиссиясы филиалдарының кассаларында немесе «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы өтеуі тиіс.

Анықтама

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімімен барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылды. 2018 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (МАЭС) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2019 жылғы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның МАЭС-тың «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-н мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешіміне апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сол күні МАЭС-тың «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі заңды күшіне енді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56