^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссияның 01.05.2019ж. жағдай бойынша жұмысы туралы

2019 жылғы 01 наурыздағы жағдайы бойынша Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) бойынша қарыздарды қайта қаржыландырудағы бас тартулардың заңдылығы мәселесі бойынша Комиссия 95 отырыста 1 241 өтініш қарап шықты, оның ішінде 2019 жылы Комиссияның 8 отырысында 75 өтініш қаралды.

Комиссияның шешімдері бойынша, заңды бас тартулар – 737 болып отыр, ол Комиссия қараған шағымдарының жалпы санының 59,4% құрап отыр. Бұл ретте, Комиссия Бағдарлама аясында қайта қаржыландыруға ұсынылған 185 бас тартуларды немесе тиісінше 14,9% заңсыз деп қабылдады. Сондай-ақ 268 бас тарту немесе бас тартулардың 21,6% заңды деп қабылданды, дегенмен, Комиссия ЕДБ-ның мекенжайына ұсынымдар жіберу шешімін қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, Бағдарламаның 2-бөлімі шетел валютасымен берілген ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды көздейді. Осы бөлімге сәйкес Комиссия екінші деңгейдегі банктерден 61 бас тартуды қарастырды және келесі шешімдер қабылданды: заңды бас тарту - 20, заңсыз - 20 және 17 заңды бас тарту, алайда Комиссия банкке ұсыныс жіберу туралы шешім қабылдады.

Банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тарту себептерін талдау негізінде, ол мына себептер бойынша орын алағнын куәландырады:

- қосымша мүліктің болуы – 54,8% (680)

- теңгемен берілген қарыз бойынша кешіктірудің болмауы – 16,6% (206)

- кепілдердің Бағдарлама талаптарына сәйкессіздігі – 6,2% (77)

- қарыз сомасы мүмкін мәнді асырады – 6,1% (76)

Шағымдардың көбі қарыз алушылар өтініштерінің жалпы санының «Қазақстан халық Банкі» АҚ (бұрынғы «Казкоммерцбанк» АҚ) 34,5% немесе 428 өтініш, «Forte Bank» АҚ – 18,9% немесе 234 өтініш және «ЦентрКредит Банкі» АҚ (16,6% немесе 206 өтініш) қарыз алушыларынан келіп түседі.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56