^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Экономиканы долларсыздандыру шеңберінде Алматы қаласы бойынша қолма-қол шетел валютасы нарығының даму үрдісін талдау

Экономиканың долларлануы - тұрақты шетел валютасын, атап айтқанда АҚШ долларын, ел ішіндегі ұлттық валютамен қатар қолданылатын, оның ішінде, халықтың валюталық жинақтарын және бағалар белгілеу кезінде пайдаланылатын процесс.

Экономиканың долларландырудың себебіне инфляцияға байланысты (әсіресе шикізаттық экспорт – бағдарланған экономика кезінде) ұлттық валютаның девальвациясын айтуға болады, бұл өз кезегінде нарықтық экономикаға қатысушылардың ұлттық валютаға (жеке және заңды тұлғалардың да) сенімсіздігін тудырады.

Долларландыру ұлттық экономиканың жекелеген секторларының ішінде де, тұтастай алғанда елде де толық, аралас немесе ішінара сипатта болуы мүмкін. Мәселен, Қазақстан Республикасында долларландыру жылжымайтын мүлік нарығына, автомобиль нарығына да әсер етеді, онда де – іс жүзінде бағалар белгілеу және есеп айырысу АҚШ долларымен жүргізілді.

Сондай-ақ, долларландырудың депозиттік нарығында және халықтың қолма-қол жинақтарында айтарлықтай көлемі болды.

Сонымен қатар, егеменді экономикаларда долларландыру тұрақты сипатта бола алмайтынын және ішкі экономикалық коньюктураның жақсаруы нәтижесінде ұлттық валютаның нығаюына қарай долларсыздандырумен – яғни, мемлекеттің ішкі нарығы үшін шетел валютасының қажеттілігінің төмендеуімен қатар жүретін ұлттық валютаны ревальвациялау процесі жүретінін атап өткен жөн.

Экономика үшін долларландырудың негізгі теріс факторы елдің ақша-кредит және қаржы жүйесінің әлсіреуі болып табылады. Бұдан басқа, долларландыру инфляцияны арттырады, өйткені, нарық қатысушылары мен халықтың валюталық жинақтары доллар немесе еуро бағамы төмендеген кезде байқалатын ұлттық валютаға кейінге қалдырылған сұранысты қалыптастырады. Қазақстан Республикасында, біздің экономикамыздың мұнайдың әлемдік бағаларының конъюнктурасына тәуелділігін ескере отырып, 2015 жылдан бастап халықтың девальвациялық күтулеріне байланысты шетел валютасына ажиотажды сұраныстың өршуі байқалды. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бедел тәуекелдерін және әлеуметтік шиеленісін арттырды.

Долларландырудың негізгі теріс факторы экономикаға долларландырудың теріс қысымын нивелирлеу мақсатында Қазақстанда экономиканы долларсыздандыруға бағыт жарияланды. 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыста, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдына осы міндетті қойды. 2015 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР Үкіметімен бірлесіп экономиканы долларсыздандыру бойынша 2015 – 2016 жылдарға арналған жоспарды әзірлеп, мақұлдады.

Жоғарыда көрсетілген жоспардың орнына 2015 жылғы желтоқсанда ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің 2016 – 2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары қабылданды. Осы жоспарды іске асыру келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.

Заңнамаға төлемдерді қолма-қол тәртіпте жүзеге асыруға, оның ішінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікпен жасалатын мәмілелер бойынша және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға шектеулер енгізу мәселелері бойынша түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Төлем қызметтерін ұсыну мерзімдерін қысқарту және ашықтығын арттыру мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын оңтайландыру.

Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағалары туралы ақпаратты қамтитын жарнамада тек ұлттық валютада ғана көрсету туралы талапты енгізу.

Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасын ұлттық валютада ғана белгілеу талабын заңнамалық түрде енгізу жөніндегі мәселені пысықтау.

Экономиканың долларлануын төмендету және ұлттық валютаға деген сенімді нығайту мақсатында Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынған теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ставкалардың саралануын кеңейту.

Теңгелік құралдардың тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау: корпоративтік бағалы қағаздар нарығын дамыту, институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейту, теңгемен қаржы құралдарының биржалық саудасын ынталандыру.

Өндірістік қажеттілік болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектордың шетел валютасымен қарыз алу мүмкіндігін қарау.

Жоғарыда көрсетілген жоспар 2015 жылы қабылданғанын ескере отырып, қазіргі уақытта өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін көруге мүмкіндігіміз бар. Долларсыздандыру көрсеткіштерінің бірі болып Алматы қаласының ішкі валюта нарығында қолма-қол шетел валютасына сұраныстың азаюы жатады. 2015 жылы сатып алынған АҚШ долларының жалпы көлемі 6 464 172 000 АҚШ долларын құрады, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 4 795 226 000 АҚШ долларын құрады. Осылайша, дағдарысқа қарсы шаралар басталған сәттен бастап халық арасында АҚШ долларына сұраныстың 26 % - ға төмендегені байқалады.

Халықтың долларсыздандыруын көрсететін екінші маңызды көрсеткіш депозиттер нарығы болып табылады. Алматы қаласындағы еркін айырбасталатын валютадағы депозиттер көлемі 01.01.2018 жылы баламасында 2 306 961 млн. теңгені құрады, бұл ретте, осы көрсеткіш 01.01.2016 жылы 3 016 677 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіштің экономиканы долларсыздандыру жөніндегі іс-шаралар басталған сәттен бастап 23% төмендегенін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген үрдісті қарап, Алматы қаласының тұрғындары арасында ұлттық валютаға деген сенімнің артқаны туралы қорытынды жасауға болады, бұл қабылданатын шаралардың тиімділігі мен Қазақстан Республикасының экономикасын долларсыздандыру бойынша таңдалған курстың дұрыстығына бұлтартпас дәлел болып табылады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56