^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
2017 жылғы уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің қызметін бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы өз құзыреті шеңберінде уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

Бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • шетел валютасының теңгеге қатысты бағамдарының күнделікті мониторингі;
  • валюталық заңнамада көзделген есептілікті талдау;
  • Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті ұйымдарға тексеру жүргізу;
  • уәкілетті ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына өзгерістер бойынша өзекті ақпаратты түсіндіру.

Халықтың мүдделерін қорғау мақсатында, шетел валютасының теңгеге қатысты күнделікті мониторингі, айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатып алу және сату бағамы арасындағы белгіленген маржаны сақтау жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сол арқылы қандай да бір валютаға алыпсатарлық және ажиотаждық сұраныстың тәуекелін төмендетеді. Бұдан басқа, өткен жылы жүргізілген мониторингті талдау жалпы республикалық деңгейде макроэкономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, 2017 жылы АҚШ долларын теңгеге сатып алудың орташа бағамы бір АҚШ доллары үшін 328,28 – 333,15 теңге ауқымында ұлғайғанын көрсетті.

Алматы қаласы қаржы орталығы болып табылатынын ескере отырып, уәкілетті ұйымдар ұсынатын есептілікті талдау сатылатын және сатып алынған валютаның жалпы көлеміндегі қолма-қол шетел валютасы айналымының үлесін және қолма-қол шетел валютасы нарығына әсер ету дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

2017 жылдың жеті айында айырбастау пункттерінің сатып алуының жалпы көлемі 1 249 210 мың бірлікті құрады, ал халыққа АҚШ долларын сату көлемі 1 247 930 мың бірлікті құрады. 2018 жылдың сондай кезеңінде айырбастау пункттерінің сатып алу көлемі 1 234 975 мың бірлікті құрады, ал халыққа АҚШ долларын сату көлемі 1 232 738 мың бірлікті құрады. Осылайша, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жоғарыда аталған екі көрсеткіштің аздаған ұлғаю үрдісі байқалады.

2017 жылы филиал уәкілетті ұйымдарға 66 тексеру жүргізді (тәуекел дәрежесін бағалау негізінде – 52, жоспардан тыс – 9, құжаттамалық – 5).

Тексеру нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталды, ол бойынша 12 уәкілетті ұйымға қатысты шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды (жазбаша нұсқама түрінде), сондай-ақ, 1 ай мерзімге 1 лицензияның қолданылуы тоқтатылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 15,951 млн. теңгеге айыппұл түрінде 73 әкімшілік жаза қолданылды. Тексеру жүргізу уәкілетті ұйымдардың валюталық заңнаманы сақтау жөніндегі тәртіпті сақтауына ықпал етеді.

Уәкілетті ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша өзекті ақпаратты түсіндіру халыққа сапалы қызмет көрсету үшін айырбастау пункттерінің басшылары мен қызметкерлері арасында қажетті білімнің тиісті деңгейде болуына ықпал етеді. Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының жұмысы мемлекеттегі экономикалық тұрақтылықты қолдау ісіне ықпал ететінін атап өткім келеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56