^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Халық үшін инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктері»

Шын мәнінде алтын ең кеңінен тараған инвестициялық инструменттің бірі болып табылады. Аталған актив бірқатар басымдықтарға, нақтырақ айтқанда жоғары өтімділіккке, ұзақ мерзімді салымға, инфляциядан және экономикалық дағдарыстан қорғанысқа ие. Сонымен қатар, алтын тек оның құнын өсіретін таусылатын ресурс болып табылады.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) шолуына сай 2017 жылы алтын өндіретін компаниялардың саны өткен жылғы деректермен салыстырғанда 3% төмендеді. Аталған факт алтынға деген салым үлкен перспективаларға ие екенін растап отыр.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР Ұлттық Банкі) 2017 жылы – уәкілетті банктер арқылы, 2018 жылы – уәкілетті ұйымдар арқылы аффилирленген алтынның өлшеуіш құймаларын сату жөніндегі бағдарламаны іске қосты.

1-суреттегі график теңгедегі 1 грамм алтынның құны көрсетілген Ұлттық Банктің деректері бойынша жасалған. Көрсетілген график алтын құнының кейбір құбылмалылығына қарамастан позитивті трендті көрсетіп отыр. Сөйтіп, ағымдағы уақытта алтынға деген салым халық үшін қаржылық сауатты шешім болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2018 жылығы 2 шілдедегі 167-VI «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес у2кілетті ұйымдарға аффилирленген алтын құймаларын сатып алу (немесе) сату жолымен қолдағы қолма-қол шетел валютасымен айрбастау операцияларын ұйымдастыру лицензиясы және оның қосымшасы аясында жоғары кірістілігі бар операциялардың қосымша жаңа түрімен айналысудың бірегей мүмкіндігі ұсынылды. Бұл ретте, уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің қызметін кеңейтуге қатысу нысаны еркін болып табылады.

Аталған құймалар жоғары сынамамен, (металл тазалығы – 999,9), жылтыр бетімен, микротестпен, бедерлі гуртпен, сондай-ақ ұзақ уақыт сақтауды қамтамасыз ететін қорғаныс бумасымен ерекшеленеді. Арнайы бума ашқан кезде түрін өзгерту қасиетіне ие. Сөйтіп, буманы ашпау ұсынылады!

Құймалардағы аффилирленген алтын түрлері мынадай: 5 грамм, 10 грамм, 20 грамм, 50 грамм және 100 грамм. Әр құйманың бумада көрсетілген өзінің сертификатталған нөмірі бар.

Өлшеуіш құймалардың құны Лондон бағалы металлдар нарық қауымдастығымен (ЛБМН) (London Bullion Market Association, LBMA) бекітілген АҚШ долларындағы алтын фиксингісінің көмегміен және АҚШ долларына қатысты ресми теңге бағамымен есептеледі.

Аффилирленген алтынның өлшеуіш құймаларын сататын уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттеріне қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

- құймаларды тек тұтастай арнайы бумада сатып алу/сату бойынша операцияларды жүзеге асыру;

- ақпараттық стендте құймаларды сатып алу/сату құны туралы ақпарат орналастыру;

- арнайы буманың тұтастығын және құйманың қорғаныс элементтерін тексеруге арналған лупаның болуы;

- құймаларды сатып алу/сату құнын белгілеу үшін өкім шығару;

- айырбастау операцияларымен аналогия бойынша жеке журналда құймалармен операциялар есебін жүргізу;

- құймаларды сатып алу\сату жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде бақылау чекті беру;

- құймалар және/немесе ұлттық валюта болмаған жағдайда күнді және уақытты көрсетіп, анықтамалар беру.

Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің ашық арнайы бумасы бар, сондай-ақ арнайы бумасыз құймалармен операциялар жүргізу тәртібі мынадай болып табылады:

- ҚР Ұлттық Банкімен құймаларды сатып алуға шарттың болуы;

- жеке тұлғаның қабылдауға және кейінсатып алуға өтініші;

- құйманы сатып алуға ҚР Ұлттық Банкіне жіберу;

- құйманың номиналды құнының 10 пайызынан аспайтын комиссиялық сыйақы белгілеу.

Қорыта келе, аталған бағдарламаны ҚР Ұлттық Банкі барлық талаптарды ескере отырып, халықтың инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру үшін әзірледі. Аталған бағдарламаның негізгі артықшылығы уәкілетті ұйымдарды жұмысының икемді режимінің арқасында алтын құймалардың қолжетімділігі болып табылады. Демек, алтын құймалар нарығындағы бәсекелестіктің өсуімен халық үшін таңдау еркіндігі де өспек. Алтын құймаларға инвестициялау шетел валютасына инсвестициялаудың өте жақсы баламасы болып табылатындығын қосып кеткен жөн.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56