^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы 4-18 маусым аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

Тауарлар (қызмет көрсетулер) тобы

Есеп айында бағалар өзгерісі*

Себептер

1

Азық - түлік тауарлар

-

Қызанақ, қырыққабат, қияр, қызылша, алма, сәбіз, сүт, қой еті, картоп, жұмыртқа, жылқы еті және түйінді пияз бағасы төмендеді.

2

Азық - түлік емес тауарлар

=

Дәрі-дәрмектерге, аяқ киімдерге, жеке гигиена тауарларына және жуғыш және тазалағыш құралдарға баға төмендеді.

3

ЖЖО

=

ЖЖМ бағасы төмендеді.

4

Монополистер -кәсіпорындарының көрсетілетін қызметтері

=

Жылуаралық кезең тарифіне көшуге байланысты тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтері - 1,2%-ға, ыстық су үшін төлем есебінен-7,7%-ға төмендеді.

* «+» - бағаның көтерілуі, «-» - бағаның төмендеуі, «=» - бейтарап әсер.

2019 жылғы маусымда қалада мониторинг тізбесіне қосылған азық-түлік тауарларының жалпы санға кірген бағалардың 35,0% қымбаттауы байқалды. Мониторинг тізбесіне қосылған тауарлардың 20 позициясында 60,0% бағалар төмендеп кеткен. 5,0% тауарларының бағалары өзгерген жоқ. Мыналардың бағалары төмендеді: қызанақ - 41,7%-ға, қырыққабат - 20,0%-ға, қияр - 13,9%-ға, қызылша - 10,8%-ға, алма - 7,7%-ға, сәбіз - 6,8%-ға, сүт-5,3%-ға, қой еті-4,6%-ға, картоп-3,8%-ға, жұмыртқа-2,9%-ға, жылқы еті-1,5%-ға және түйінді пияз-0,5%-ға. Жоғары сұрыпты ұн - 9,9%, күріш - 8,3%, тауық - 4,2%, құмшекер-3,6%, нан - 2,7%, өсімдік майы - 1,8% және сиыр еті - 1,5% қымбаттады.

Сары май бағасы сол деңгейде қалды.

ЖЖМ бағасы АИ-92 (93) бағасы 0,9%-ға төмендеу есебінен 0,3%-ға төмендеді.

Азық - түлік емес тауарлар бойынша бағалары дәрі - дәрмектерге - 8,7%-ға, аяқ киімге - 7,5%-ға, киімге-6,0%-ға, жеке гигиена тауарларына-1,8%-ға және жуғыш және тазалағыш құралдарға-1,0%-ға төмендеді.

Ақылы қызметтер секторында тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер - 1,2%-ға, ыстық суға ақы төлеу есебінен-7,7%-ға, жылуаралық кезең тарифіне көшуге байланысты төмендеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56