^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қолма-қол шетел валютасының жарамдылығы, практикалық аспектілер

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен операциялар өзіне «Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңын және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын қосатын заңмамамен реттеледі.

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасымен анықталған заңды төлем қаражатының негізгі белгілері банкноттарда мыналардың болуы болып табылады:

- эмиссиялық банктің болуы,

- номірлер мен сериялар,

- номинал цифрлармен және жазумен,

- алдыңғы және артқы жақтың негізгі суреті (портрет және тағысын тағылар),

- қолдан жасаудан қорғау элементтері сутамғы белгі, магнит белгілері, ультракүлгін сәулелерді қоса алғанда, қағазға ендірілген түрлі-түсті талшықтар, конфетти, қорғаныс жіптері, микромәтін, люминесцирлейтін суреттер және тағысын тағылар).

Бұл ретте, банкот сапасының оларды әзірлеген кезде жақсаруына қарамастан, әлемдегі жалған ақшалардың саны өсуде. Күн сайын қолма-қол ақшаны пайдаланып, біз оның номиналына көңіл бөлеміз және оның қорғаныс элементтеріне көңіл бөлмейміз.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті Профилактикалық жұмыстар және бақылау басқармасы басшысы Арман Есембаевтың сөзінше 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Экономикалық тергеу қызметі жалпы 1700 доллар сомасына 37 доллар купюрасын, 1200 еуро сомасына үш еуро купюрасын, 12 000 ресей рублі сомасына тоғыз рубль купюрасын анықтады.

Сізде жалған ақша пайда болған жағдайдан қалай шығуға болады?

Бірінші кезекте қолма-қол шетел валютасын сатып алуды және сатуды қызметтерінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті банктерде және уәкілетті ұйымдарда (яғни айырбастау пукнттер) ғана жүзеге асыру керектігін өзіңіз үшін түсінген абзал. Қазақстан Республикасында резидент арасында қолма-қол шетел валютасымен өзге операцияларға тыйым салынған және ол үшін заңнамамен қарастырылған жауапкершілік қарастырылған.

Екіншіден Сіз әрқашан бірнеше кезеңнен тұратын "трех П" әдісін пайдалана аласыз:

Сезін – барлық банкоталарға банкноттың өзінде бедер тудыратын арнайы мөр басылған. Ондай жоғары бедерлі элементтер қолмен жақсы сезіледі;

Қара – банкнотаны жақсылап қолмен сипап, оны жақсылап қарап шығу керек. Қараған кезде оның тазалығына назар аудару қажет, аққан бояу іздері бар болуын, суреттер қаншалықты анық салынғандығын қарап шығу қажет. Сонымен қатар, қағаздың бетіне шығып тұратын жалпы магнитті және сүңгіме (металлизирленген) жіпке көңіл бөлу керек. Өтетін жарық кезінде олар жазулары бар біртұтас жіп ретінде көрінетін болады;

Аудар – банкноттарда түсі айнамалы бояумен салынған суреттер бар, банкотты бұрған немесе аударған кезде бояу түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді.

Және де жоғарыда аталған әдіс ұлттық валюта үшін сияқты, шетел валютасы үшін де әділ болып табылады.

Қорыта келе Сіз жалған купюраны анықтаған жағдайда тез арада аталған факт туралы құқық қоғау органдарына хабарлауыңыз қажет.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56