^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Төлем карточкаcы

Төлем карточкасы - бұл белгілі бір қаржылық жинақтарға қол жеткізу көрсеткіші емес, оның иесіне заманауи сандық технологиялар әлемінде өзін жайлы сезінуге мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал. Егер карточкада ақша болса, онда сатып алу үшін сатушыға карточканы ұсыну жеткілікті және күрделі емес процедурадан кейін талап етілетін сома ағымдағы шоттан алынады.

Пластикалық карталардың көмегімен төлемдерді қолма-қол ақшасыз есептеу жүйесін кеңінен енгізу есеп айырысу процесінің барлық қатысушыларының: коммерциялық банктердің, қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың, жеке тұлғалардың мүдделерін сақтауға мүмкіндік береді. Төлем карточкалары дебеттік, несиелік және басқа да болады. Дебеттік карточкалар - күнделікті пайдалану үшін өте ыңғайлы құрал. Нарықта ұсынылған төлем карталары ұқсас қызметтер жиынтығы бар. Бүгінгі күні барлық карточкаларды тегін, оның ішінде басқа банктердің карточкаларынан, интернет-банкинг көмегімен толтыруға болады.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларын айналысқа шығаруды 22 банк және «Казпочта» АҚ жүзеге асырып отыр. Көрсетілген ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International и UnionPay International. Сонымен бірге Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарып отыр: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Ситибанк Қазақстанның жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

Жеке тұлғалардың коммерциялық банктер және «Қазпошта» АҚ арқылы төлем құралдарын пайдалана отырып операциялары 2018 жылы жалпы сомасы 42,3 трлн.теңгеге 1065,9 млн. транзакцияны құрады. Жеке тұлғалардың төлем карточкаларын қарқынды пайдалануы көп жағдайда динамикалық дамумен және төлем технологиялары саласындағы қазіргі заманғы шешімдермен байланысты. Жеке тұлғалар жүргізген он операцияның сегізі төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылды. Негізгі көлем сомасы бойынша төлем карточкаларына (47,2%) және төлем тапсырмаларына (34,4%) қатысты.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша айналымда 24,4 млн. төлем карточкалары болды, ұстаушылардың саны – 21,2 млн. адамды құрап отыр. 2018 жылғы ұқсас күніндегі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 21,5% және 20,6%-ға дейін өсті.

Айналыстағы төлем карточкаларының негізгі үлесін (75,6%) ұстаушының банктік шотындағы қолжетімді қалдық шегінде ғана ақшаға иелік етуге мүмкіндік беретін дебеттік төлем карточкалары құрайды. Айналыстағы төлем карточкаларының 20,8% - бұл кредиттік төлем карточкалары - рұқсат етілген овердрафты бар төлем карточкалары (банктің корреспонденттік шоттағы қалдықтан тыс белгілі бір сома шегінде төлем тапсырмасын қою құқығы). Алдын ала төленген төлем карточкалары мен кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкаларының үлесі – 3,6% құрайды.

Қазақстан аумағында қашықтықтан банкингті дамыту POS-терминалдардың санын, тиісінше төлем карточкаларын, банкоматтарды, төлем терминалдарын пайдалана отырып төлем қабылдайтын кәсіпкерлер мен сауда нүктелерінің санын ұлғайту жолымен банктік қызмет көрсету желісінің кеңейтілуімен, банктердің интернет-арналарын жетілдірумен сипатталады.

Қолма-қол емес төлемдердің негізгі үлесі POS-терминал (қолма-қол емес төлемдердің жалпы санының және көлемінің 58,3% және 37,3%) және интернет/мобильді банкинг (тиісінше 40,8% және 60,8%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру жөніндегі операциялар негізінде банкоматтар (қолма-қол ақшаны беру жөніндегі операциялардың жалпы санының және көлемінің 91,9% және 85,1%) жасалды.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша 11,2 млн. төлем карточкасын шығарды, аталған карточка ұстаушыларының саны – 10,0 млн. адамды құрап отыр. (2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 43,8% және 54,5%-ға дейін өсті). POS-терминалдар саны, сауда кәсіпорындар және төлем терминалдарының саны (тиісінше 10,4%, 2,2% және 27,8%-ға дейін) өсті.

Төлем карточкаларын қолдана отырып, есеп айырысуларды дамыту статистикасы мынадай:

Көрсеткіштер

Барлығы Қазақстан бойынша

Алматы қ.

үл. салмағы, %

Анықтама :

Алматы,

01.04.2018 ж.

Қатынасы,

%

Айналымдағы төлем карточкаларының саны, мың бірлік

24395,9

11154,6

45,7

7758,7

143,8

Карточка ұстаушыларының саны, мың адам

21168,9

10010,6

47,3

6479,3

154,5

POS -терминал дар саны, дана

141377

40288

28,5

36494

110,4

Банкоматтар саны, дана

10401

1751

16,8

1859

94,2

Карточкамен есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда кәсіпорындарының саны, бірлік

85592

25361

29,6

24813

102,2

Төлем терминалдары мен банк дүңгіршектер саны, дана

17484

3206

18,3

2508

127,8

2016 жылдан бастап республикада белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтер үшін төлем қабылдауды қамтамасыз ету міндетті болып табылады. Бұл қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Үкіметі бекітті.

Атап айтқанда, белгіленген тізбеге сәйкес, қонақ үйлер, мейрамханалар, туризм, сақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, кинофильмдерді тарату, фитнес/спорт клубтарын, дискотекаларды көрсететін және боулинг, бильярд бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар клиенттерге POS-терминалдар арқылы тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес төлем карточкаларымен төлемдерді қабылдаудан бас тарту ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, ал қайта бұзылған жағдайда - кәсіпкердің мәртебесіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде (АЕК) айыппұл салуға әкеп соғады. 2019 жылға 1 АЕК 2525 теңгені құрайды.

Таяу жылдары табысты бөлшек банктер өнімдердің тиімді байланысын ұсынатын болады: банк карточкасы + ыңғайлы интернет- (мобильді) банкинг + банкоматтар желісі, өйткені қолма-қол ақша әр азаматтың өмірінде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.

 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56