^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы 2-18 шілде аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

Тауарлар (қызмет көрсетулер) тобы

Есеп айында бағалар өзгерісі*

Себептер

1

Азық - түлік тауарлар

+

Қырық қабат, сары май, қызылша, картоп, күріш, алма, қой еті, құмшекер, өсімдік май, сиір еті және нанның бағалары қымбаттады.

2

Азық - түлік емес тауарлар

-

Дәрі-дәрмек, киім және кір тазалағыш тауарларының бағалары төмендеп кеткен.

3

ЖЖО

+

ЖЖМ бағалары өсіп кетті.

4

Монополистер -кәсіпорындарының көрсетілетін қызметтері

=

ТКК тарифтері өзгермеді.

 

* «+» - бағаның көтерілуі, «-» - бағаның төмендеуі, «=» - бейтарап әсер.

201 9 жылғы шілдеде қалада мониторинг тізбесіне қосылған азық - түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 55,0% өсуі байқалды. Мониторинг тізбесіне қосылған тауарлардың 20 позициясында 45,0% бағалар төмендеп кеткен. Мыналардың бағалары төмендеді: қызанақ – 25,5%-ға, түйінді пияз – 24,6%-ға, қияр – 22,7%-ға, сүт – 15,2%–ға, жоғарғы сұрып ұн – 6,4%-ға, сәбіз – 6,3%-ға, жылқы еті – 2,9%-ға, тауық еті – 2,3%-ға, жұмыртқа – 1,6%-ға. Мыналардың құны өсті: қырық қабат – 58,5%-ға, сары май – 29,3%–ға, қызылша – 21,1%-ға, картоп – 19,8%-ға, күріш – 8,4%-ға, алма – 5,8%-ға, қой еті – 4,6%-ға, құмшекер – 4,4%-ға, өсімдік май - 3,9%–ға, сиір еті – 3,0%-ға, нан – 1,6%-ға.

Азық -түлік емес тауарлар бойынша дәрі-дәрмектің – 4,8%-ға, киім – 3,2%-ға және кір тазалағыш тауарларының – 2,5%-ға бағалары төмендеп кеткен. Аяқ-киімнің – 4,8%-ға, тұрмыстык техниканың – 3,3%-ға, жеке тазалық тауарларының – 1,8%-ға бағалары өсті.

Жанар-жағармай материалдары сұйылтылған газ бағасының 5,9%-ға, АИ-96 маркалы жанармай – 1,8%-ға, АИ-92 (93) маркалы жанармай – 0,9%-ға, дизель отын – 0,5%-ға өсуіне байланысты 1,6%-ға қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету секторында ТКК тарифтері өзгермеді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56