^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығының негізгі ережелері туралы

Өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөнінде уақтылы көмек көрсету мақсатында, «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығы шеңберінде кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша біржолғы тәртіпте мынадай көмек көрсетіледі.

Бірінші бағыт бойынша:

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердегі (бұдан әрі – ЕДБ) және микроқаржы ұйымдарындағы (бұдан әрі – МҚҰ) кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша жалпы 3 млн. теңгеге дейін берешегі бар және төменде көрсетілген санаттардың:

-көп балалы отбасылар;

-асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;

-мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;

-атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;

-жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар,

біріне жататын азаматқа бір қарыз алушыға негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын 300 000 теңгеге дейін берешегі өтеледі.

Екінші бағыт бойынша:

ЕДБ-де және МҚҰ-да кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдары (тұрақсыздық айыбы) бар азаматтардың есептелген тұрақсыздық айыбының сомасы толық есептен шығарылады.

Қарыз алушыға ЕДБ-ке, МҚҰ-на немесе басқа да ұйымдарға өтініш жасау талап етілмейді, себебі ЕДБ және МҚҰ уәкілетті орган Жарлықта көзделген санаттарға сәйкес қалыптастырған азаматтардың тізіміне сәйкес берешекті өтеуді және есептелген тұрақсыздық айыбын есептен шығаруды дербес жүзеге асырады.

Осы Президенттің Жарлығына сәйкес келетін қарыз алушыға көмек нәтижелері туралы ЕДБ/МҚҰ тиісті түрде хабарлайтын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі №520 Қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендетуге, төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияға ақы төлеуге, сондай – ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға арналған қаражатты пайдалану Қағидаларында» (бұдан әрі-Қағидалар) айқындалған берешекті өтеу бойынша мемлекеттік органдар, ЕДБ және МҚҰ арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі төменде берілген.

№ р/б

Берешекті өтеу жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

1

Жергілікті атқарушы органдар ҚР Білім және ғылым министрлігіне 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың тізімін жібереді.

2019 жылғы 16 шілдеге дейінгі мерзімде

2

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың тізімін жібереді.

2019 жылғы 17 шілдеге дейінгі мерзімде

3

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың тізімін қалыптастырады және оны «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ға (бұдан әрі – Кредиттік бюро) жібереді.

2019 жылғы 18 шілдеге дейінгі мерзімде

4

Кредиттік бюро ЕДБ және МҚҰ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың тізімін жібереді.

2019 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде

5

ЕДБ және МҚҰ Кредиттік бюро белгілеген нысан мен формат бойынша 2019 жылғы 01 маусымдағы жағдайға негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті көрсетіп, әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша бөлінген Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың берешегі туралы ақпаратты Кредиттік бюроға жолдайды.

2019 жылғы 24 шілдеге дейінгі мерзімде

6

Кредиттік бюро:

1) Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген әрбір адам бойынша жалпы берешекті есептейді және жалпы берешегі 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын адамдарды (бұдан әрі – борышкер) айқындайды;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздарын және (немесе) микрокредиттерін айқындайды және ақы төлеуге арналған тізімді қалыптастырады;

3) «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор), ЕДБ мен МҚҰ ақы төлеуге арналған тізімді ұсынады.

2019 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде

7

Қор:

1) әрбір ЕДБ және МҚҰ кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу туралы келісім жасасады;

2) Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімнің негізінде ол алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржыландыруға арналған өтінімді қалыптастырады және оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

2019 жылғы 9 тамызға дейінгі мерзімде

8

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қор ұсынған қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты Қорға аударады .

қаржыландыруға өтінім алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

9

Қор Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес мөлшерде ЕДБ және МҚҰ шоттарына ақша аударады.

2019 жылғы 2 қыркүйекке дейінгі мерзімде

10

ЕДБ және МҚҰ ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес борышкерлердің берешегін өтеуді жүзеге асырады, содан кейін борышкерлерге берешектің өтелгені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабарлама жібереді.

2019 жылғы 5 қыркүйекке дейінгі мерзімде

11

ЕДБ и МҚҰ:

1) қарыз бойынша төлемдер графигін қайта қарауды жүзеге асырады;

2) әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асыру туралы ақпаратты Қорға ұсынады.

2019 жылғы 9 қыркүйекке дейінгі мерзімде

12

Қор:

1) ҚР Ұлттық Банкіне ЕДБ және МҚҰ әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асырғаны туралы ақпарат береді;

2) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрамда деректер тізімін береді.

2019 жылғы 13 қыркүйекке дейінгі мерзімде

13

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қағидалардың 17-тармағында көзделген ақпаратты «Е-халық» ақпараттық жүйесіне енгізеді.

Қордан ақпарат алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде

Кепілсіз тұтынушылық қарыздың өтелгені туралы ақпарат алу үшін өтініш беруші (қарыз алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб – порталына 2019 жылғы 15 қыркүйектен ерте емес жүгінуге тиіс.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56