^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Есептік тіркеуден өту: Микроқаржы ұйымдары үшін ақпарат

Микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) ҚРҰБ филиалдарында есептік тіркеуден өтуі төменде келтірілген ҚР-ның заңнама актілері негізінде жүзеге асырылады:

            1. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заңы (бұдар әрі – Заң);

Стандарттың талаптарына сәйкес есептік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті ҚРҰБ филиалдары www.egov.kz – электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу үшін портал арқылы қызмет алушы бола тұра МҚҰ Электрондық цифрлы қолды (бұдан әрі - ЭЦҚ) алуы керек.

Алыстан кіру режиміндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты МҚҰ порталдың «жеке кабинеті» сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірегей байланыс-орталығы арқылы ала алады.

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі тіркеу алымының мөлшерлемесі 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алым төлеуді қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ egov төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.

Бұған дейін, ҚРҰБ филиалына есептік тіркеуден өту туралы өтінішті бергенге дейін МҚҰ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 91 «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу керек еді. Алайда бұл Қаулы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018ж. № 228 қаулысымен күшін жойды.

Сонымен қатар Заңның 14-бабының 1-тармағында уәкілетті органға МҚҰ-ның ақпараттық қызметтер нарығында өз қызметін бастауға дайындық туралы және бағдарламалық - коммуникациялық технологияларының талаптарының орындалуы мен кредиттік бюро, бағдарламаны жеткізуші мен кредиттік есепті алушылар қызметі саласында бағдарламалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қорытындысын ұсыну талабы алынып тасталды.

Төменде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған МҚҰ ұсынатын құжаттардың тізбесі келтірілген:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;

2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

4) мыналарды:

  • микроқаржылық ұйым қызметінің стратегиясын;
  • микроқаржылық ұйым бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің серпінді болжамы);
  • қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) Заңының 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);
  • ағымдағы ахуалдың талдауын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;
  • ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;

5) Стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша;

6) Стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша;

7) микроқаржылық ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

8) мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюромен "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі;

9) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, микроқаржылық ұйымның есептік тіркеуден өткені үшін алым төлегенін растайтын құжат;

10) берілген микрокредиттер бойынша кірісті және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржылық ұйымдар ұсынады).

 

Электронды портал арқылы мемлекеттік қызметке өтініш берген кезде жоғарыда айтынған құжаттар электрондық сұратуға қосымша берілетін құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмесі күйінде ұсынылады.

Филиал есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттарға ҚРҰБ филиал тарапынан ескертулер болмаған жағдайда, МҚҰ микрқаржы ұйымының тізіліміне енгізіледі не есепті тіркеуден бас тарту себебі туралы жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді.

 

Есептік бас тарту мынадай себептер бойынша орын алуы мүмкін:

1) ұсынылған құжаттар Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) Заңның 14-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;

3) егер микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаған;

4) егер микроқаржы ұйымы басшысының немесе құрылтайшыларының бірінің өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы болған, сондай-ақ уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болған;

5) Заңның 31-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;

6) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.

Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, МҚҰ ретінде тіркелген заңды тұлға отыз жұмыс күні ішінде есептік тіркеуден өту және МҚҰ тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қайтадан өтініш беруге құқылы немесе атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. Филиал қайта тапсырылған өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

Маңызды! МҚҰ егер ҚРҰБ филиалында уақты есептік тіркеуден өтпесе микрокредиттерді беру жөніндегі қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Тиісінше, МҚҰ-ны тіркеген/қайта тіркеген сәттен бастап заңнамамен белгілеленген мерзім ішінде есептік тіркеуден өтудің барлық шараларын қабылдау қажет.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz). Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірегей байланыс-орталығымен келесі нөмір арқылы байланыса аласыз: 8-800-080-7777, 1414 немесе Алматы қ., Панфилов көш., 98 (Әйтеке би көшесінің қиылысы) қоғамдық қабылдау бөлмесі, тел. 244-36-78, 244-36-68, 244-36-70, 330-29-66, 330-29-67.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56