^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

 

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы 1-16 тамыз аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

2019 жылғы тамызда қалада мониторинг тізбесіне азық-түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 40,0% өсу және төмендеуі байқалды. Мониторинг тізбесіне қосылғантауарлардың 20 позициясында 20,0% бағалар сол деңгейде қалған. Мыналардың бағалары төмендеді: түйінді пияз – 19,8%-ға, қызанақ – 11,9%-ға, алма – 8,0%-ға, жоғарғы сұрып ұн – 6,9%-ға, қызылша – 6,1%-ға,қияр – 3,4%-ға, құмшекер – 1,8%-ға, өсімдік май - 0,5%–ға. Мыналардың құны өсті: картоп – 14,7%-ға, сиір еті – 11,7%-ға, сәбіз – 10,3%-ға, қырық қабат – 6,4%-ға, сүт – 5,5%–ға, жұмыртқа – 4,9%-ға, қой еті – 3,6%-ға, тауық еті – 2,8%-ға. Нан, күріш, жылқы еті, сары май бағалары өзгерген жоқ.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша кір тазалағыш тауарларының – 2,3%-ға және аяқ-киімнің – 1,5%-ға бағалары төмендеп кеткен. Киімжәнежеке тазалық тауарларының бағалары өсті, 3,3%-ға және 1,5%-ға, тиісінше. Тұрмыстык техниканыңжәне дәрі-дәрмектің бағалары сол деңгейде қалған.

Жанар-жағармай материалдары АИ-96 маркалы жанармай – 1,0%-ға төмендеуіне байланысты 0,5%-ға арзандады.

Ақылы қызмет көрсету секторында ТКК тарифтері өзгермеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56