^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Тышқан жылы» 500 теңгелік алтын және күмісколлекциялық монетасын айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы 2019 жылғы 28 тамызда номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Тышқан жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа  шыққаны туралы хабарлайды.

«Тышқан жылы» монеталары осы серияны жалғастыратын, алтын және күміс монеталардың тоғызыншы жұбы болып табылады. 2020 жылғы 25 қаңтардан бастап шығыс күнтізбесі бойынша тышқан жылы басталады.

Он екі қырлы монетаның идеясы жыл символын монетаның ішкі жиегінен ортасына қарай жылжыту арқылы жыл символының бейнесін жыл сайынғы ауыстыруға негізделген. Күнтізбе кейіпкерлері Еуразия халықтары космогониялық көріністерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Мүсіндік композиция авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және В. Кацевпен бірлескен авторлықта.

«Тышқан жылы» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылдың символы – тышқан бейнеленген. Монетаны айналдыра «2020», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» деген жазулар жазылған. Монетаның ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Алтын және күміс монеталар он екі қырлы. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бірдей. Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 гр., сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 300 дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 гр., сипатталған шеңберінің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1500 дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Алтын және күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 273-83-98.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56