^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

 

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы 3-17 қыркүйек аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

2019 жылғы қыркүйекте қалада мониторинг тізбесіне азық-түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 60,0% өсу және 40,0% төмендеуі байқалды. Мыналардың бағалары төмендеді: қызанақ – 16,3%-ға, алма – 9,1%-ға, жұмыртқа – 5,5%-ға, жоғарғы сұрып нан – 3,6%-ға, қой еті – 3,5%-ға, құмшекер – 0,6%-ға. Мыналардың құны өсті: қызылша – 62,6%-ға, қияр – 46,4%-ға, түйінді пияз – 22,7%-ға, қырық қабат – 20,6%-ға, тауық еті – 11,7%-ға, картоп – 8,5%-ға, сәбіз – 7,6%-ға, сары май – 5,7%-ға, күріш – 5,5%-ға, өсімдік май - 2,7%–ға, сиір еті – 2,2%-ға, жылқы еті – 1,0%-ға.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша тұрмыстык техниканың – 5,0%-ғажәнекір тазалағыш тауарларының – 4,7%-ға бағалары төмендеп кеткен. Дәрі-дәрмектіңжәнежеке тазалық тауарларының бағалары өсті, 7,6%-ға және 1,3%-ға, тиісінше. Киім және аяқ-киім бағалары сол деңгейде қалған.

Жанар-жағармай материалдарының бағалары өзгерген жоқ. АИ-96 маркалы жанармай – 0,2%-ға төмендеді. Сұйылтылған газ және дизель отынның бағалары 1,3%-ға және 0,2%-ға өсіп кеткен, тиісінше.

Ақылы қызмет көрсету секторында ТКК тарифтері өзгермеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56