^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
«Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері» монеталар сериясынан «UKI» 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы

ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы 2019 жылғы 02 қазанда номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиорқоспасынан жасалған«Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері» монеталар сериясынан «UKI» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шыққаны туралы хабарлайды.


Бұл монета «Көшпенділердің ғибадат жануарлары –тотемдері» монеталар сериясын жалғастырады. Бұл сериядағы монеталар дизайны бейнеленетін жануардың натуралистік және трафареттік түрін «сақ жануар стиліне» аллегориялық тұрғыдан үйлестіріп көрсетуге негізделген. Үкі көптеген мәдениетте даналық, білім, жасырын мүмкіндіктер мен бірегей пайым нышаны болып табылады. Көшпенділер үкіні қасиетті құс деп есептеген. Бұл наным үкінің адамдарды жыннан күзетуге ықпал ететін, даналықты паш ететін құс ретіндегі рөлін түсінуге байланысты.

Номиналы 5000 және 500 теңгелік «ÚKI» монеталарының сипаттамасы: Монеталар алтындату технологиясын қолдана отырып күмістен жасалған және гауһар қондырмасы бар. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ұлттық ою-өрнектің қоршауында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін деген жазба бейнеленген.

Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) гауһар қондырмасы бар үкінің басының натуралистік және трафареттік бейнесінен композиция, монетаның жоғары бөлігінде «ÚKI» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра декоративтік ресімдеу элементтері бар үлкен жиек жүргізілген. Номиналы 200 және 100 теңгелік «ÚKI» монеталарының сипаттамасы: Монеталар МН25 сапалы мельхиор қоспасынан «рrооf-like» және «brilliant uncirculated» сапасымен дайындалған.

«Рrооf-like» дайындау сапасымен монетада алтындату технологиясы қолданылған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ұлттық ою-өрнектің қоршауында соғылған жылы, номиналы, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) үкінің басының натуралистік және трафареттік бейнесінен композиция, монетаның жоғары бөлігінде «ÚKI» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра декоративтік ресімдеу элементтері бар үлкен жиек жүргізілген.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Номиналы 5 000, 500, 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «Proof-like» дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. «Brilliant uncirculated» дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Монеталар коллекциялық құныбойынша сатуға арналған. Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет -дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында: Панфилов көшесі, 98 үй.

Тұрақтар үшін телефон: +7 (727) 273-83-98.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56