^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 қараша 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

 

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы 1-17 қазан аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

2019 жылғы қазанда қалада мониторинг тізбесіне азық-түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 50,0% өсу және 40,0% төмендеуі байқалды. Мониторинг тізбесіне қосылғантауарлардың 20 позициясында 10,0% бағалар сол деңгейде қалған. Мыналардың бағалары өсті: қызанақ – 27,6%-ға, қияр – 25,6%-ға, сүт – 12,6%-ға, сәбіз – 11,8%-ға, сары май – 7,8%-ға, алма – 7,7%-ға, қызылша – 7,3%-ға, қырық қабат – 7,0%-ға, құмшекер – 4,4%-ға, жоғарғы сұрып ұн – 2,4%-ға. Мыналардың құны төмендеді: күріш – 12,2%-ға, түйінді пияз – 6,9%-ға, картоп – 4,3%-ға, тауық еті – 3,6%-ға, сиір еті – 3,3%-ға, өсімдік май - 2,1%–ға, жұмыртқа – 1,3%-ға, қой еті – 0,4%-ға. Нан және жылқы етінің бағалары өзгермеген.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша киім – 6,7%-ғажәнекір тазалағыш тауарларының бағалары – 3,3%-ға өсіп кеткен. Жеке тазалық тауарларының бағалары– 0,2%-ға төмендеп кеткен. Дәрі-дәрмектің, тұрмыстык техниканыңжәнеаяқ-киім бағалары сол деңгейде қалған.

Жанар-жағармай материалдарының бағалары өзгерген жоқ.

Ақылы қызмет көрсету секторында ТКК тарифтері өзгермеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56