^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Экономика / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Клиентіңді біл

Осы жылы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы № 191-IV Заңды қабылдаған күнге 10 жыл толып отыр.

 

Заң қаржы мониторинг субъектілеріне өз клиенттерінің бизнесін білуді, күмәнді транзакцияларды анықтауды және зерделеуді және олар туралы қаржы мониторингін жүзге асыратын және КЖҚ/ТҚ бойынша өзге шараларды қолданатын уәкілетті органға хабарлауды нұсқайды. Бұл мақалада қаржы мониторинг субъектілері үшін ақшаны жылыстауды және терроризмді қаржыландыруды болдырмау үшін клиенттерді тисіт тексеру қалай болу керектігі туралы жадынама бар.

Ондай тексеруді жүргізу – ақшаны жылыстаумен/терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі әр талдаушы ие болуы тиіс дағды. Әлеуетті күдікті транзакцияны үлгілі тергеу клиентті тексеруден басталады. Қазақстан қаржы мекеме әлеуетті клиентпен іскери қатынасты орнатудың бастапқы кезеңінің өзінде жүргізеді.

 

Анықтау және мақсат

Тексеру – бұл клиент профилінің ақпараты жиналады және кірістерді жылыстау немесе терроризмді қаржылнадырудың әлеуетті тәуекелдер мәніне тексеріледі. Ол аяқталғаннан кейін клиентке ол компания үшін ұсына алатын тәуекел деңгейі беріле алады. Тәуекел деңгейін «төмен» немесе «жоғары», не алдын ала анықталған критерийлер негізінде есептелген сандық мәнге ие болуы мүмкін.

Тәуекел деңйгеін анықтау компанияға осы деңгейге сәйкес келетін тексеру мен бақылау әдстерін қалай және қашан қолдануды шешуге көмектеседі. Ондай әдіснама компанияға тым аса назарды талап ететін басымдықтарды дұрыс қоюға мүмкіндік беретін тәуекелді бағалауға негізделген әдіс ретінде белгілі.

 

Деректерді жинау

Тексерудің бірінші кезеңі клиенттен құжаттарды алу болып табылады.

  1. Жеке тұлға үшін: жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (корпорация атауы және типі, тіркеу күні және орныжәне т.с.с.), бизнес-сәйкестендіру нөмірі, компания жарғысы, бенефициар меншік иесін анықтау үшін қажетті мәлімет.

 

Тәуелсіз тексеру

Екінші кезең дәлдікті және заңдылықты қамтамасыз ету үшін клиенттен алынған мәліеттің шынайылығын тексеру болып табылады. Ақпараттың көп бөлігі мемлекеттік орган берген құжаттрадың түпнұсқалығымен немесе тиісті құжаттрадың нотариатты куаландырылған құжаттардың көшірмелерімен расталуы мүмкін. Тексеру сондай-ақ өзіне клиент көрсеткен орынға шығуды қоса алғанда, қол жетімді көздерден алынған деректермен салыстыруды қосады. Жеке басты сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің шынайылығын тексеру аясында сондай-ақ жеке куәлікте орналастырылған сурет те физуалды түрде салыстырылады.

 

Клиентті сәйкестендіру

Келесі кезеңде талдаушы клиенттің атын клиент қаржы мекемесі үшін тәуекелдің жоғары деңгейіне ие екендігін анықтау үшін терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар мен ұйымдар тізбесімен салыстыруды орындайды. Клиенттің Тізбеде болуын тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге өзгерістер енгізуге қарай жүзеге асырылады.

 

Шешім

Одан әрі талдаушылар компания үшін клиенттің тәуекел деңгейін анықтау үшін ұсыныстар бере және клиентпен іскери қатынасты орнатқананн кейін бақылаудың күшейтілген немесе қарапайымдатылыған шараларын ұсына алады. Қажет болған жағдайда талдаушылар іскери қатынастарды орнатудан бас тарту жөнінде шешім қабылдай алады.

 

Ағымдағы мониторинг

Тексеру клиентпен қатынасты орнатқаннан кейін тоқтатылмауы керек. Тұрақты негізде ақшаны жылыстау немесе терроризмді қаржыландыруды анықтау мәніне транзакциялар және шоттармен операцияларды мұқият тексерген жөн. Клиенттің транзакциясы мен шоттары белсенділіктің күтіліп отырған деңгейіне сәйкес келуі керек. Тұрақты мониторинг шешуші мәнге ие, себебі клиенттің тәуекел деңгейі уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Ағымдағы мониторингті жақсырақ орындау үшін талдаушы есепті жазулар бойынша клиенттің әрекеттерін назарға алуы және «Өз клиентіңді біл» (ӨКБ) құжаттамасының көкейкестілігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

Жазуларды жүргізу

Клиенттерді тиісті тексерудің ажырамас бөлігі компанияның ішкі саясатына сәйкес барлық жазуларды сақтау болып табылады. Клиенттің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғандағы, клиентті тексеру нәтижелерін бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер клиентпен іскери қатынастарды тоқтатқан күннен бастап бес жылдан кем емес уақыт бойы қаржы мониторинг субъектілеріменс ақталуы тиіс. Іс қағаздарын жүргізу компанияға клиентпен барлық қатынасты түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, жүйелі құжат айналым тиісті деректерді іздеген немесе уәкілетті органның жергілікті бөлімшесіне немесе реттеуші органдарға ұсынған кезде есептілік бойынша өз міндеттемелерін орындауға көмектеседі.

 

Деректердің толықтығы

Тексеруді орындаумен байланысты проблемалардың бірі критикалық ақпарат компания үшін қол жетімсіз екендігінде, ол сапалы есепті дайындауды мүмкін етпейді. Талдаушылар клиенттерден заңнамамен қарастырылған олардың міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды кленттерден талап етуге, ал клинеттер өз кезегінде қаржы мониторинг субъектілеріне ұсынуға міндетті.

 

Білу маңызды

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабына сай қаржы мониторинг субъектілерінің КЖҚ/ТҚ туралы Заңның талаптарын бұзуы өзімен әкімшілік жауапкершілікке тартады. 214-баппен қарастырылған әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – қаржы мониторинг субъект типніе байланысты лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан уақытша айыра отырып 200 бен 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеірнде әр түрлі айыппұлдарға әкеп соғады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56