^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыда Оңтүстік полюсті бағындырған қазақстандық экспедицияны күтіп алды

Алматыда Оңтүстік полюсті бағындырған қазақстандық экспедицияны күтіп алды

2017 жылғы 11 қаңтарда таңғы сағат 04.15 те «Тәуелсіздік полюсі» шаңғы экспедициясының қатысушылары – Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин және Дәулет Шәріповты Алматы әуежайында салтанатты түрде күтіп алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік полюсі» Антрактидалық экспедициясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өтті.

Салтанатты күтіп алу іс-шарасына «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшылары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Алматы қаласы ЖОО студенттері мен оқушылар, эиномедни бірлестіктердің жастар қанаты және қатысушылардың әріптестері, достары, туысқандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Еске сала кетсек, Оңтүстік полюсті бағындырушылар шаңғымен 217 шақырымды жүріп өтті. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Тәуелсіздік күні мемлекеттік туымызды Антарктиданың ең биік нүктесі- Винсон шыңына (4892 м) тікті. Тіпті мерекені саяхатшылар мәңгі мұз басқан өлкеде қарсы ала отырып, қазақстандықтарды жер шарының Оңтүстік полюсінен Жаңа 2017 жылмен құттықтады.

Бұл ҚазГео-ның Антрактидиға жасаған екінші экспедициясы, алғашқысы 2011 жылдың желтоқсанында болған. Өткен экпедицияның нәтижесі бойынша және мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеу арқылы 2014 жылғы қараша айында 1959 жылғы Антрактида келісім шартына қосылу бойынша Жарлыққа Президент қол қойды.
Қазақстаннан «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясы аяқталғаннан кейін Антрактидада автоматтандырылған станция орнату ұсынысын жасау жоспарланып отыр.

Жобаның басты серіктесі «Байтерек» Ұлттық басқару холдингі. Ал серіктестері – «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі (QazaqGeography), Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.

Фотография
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56