^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан, тек алға!»

2017 жылғы 19 қаңтарда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде 28 Дүниежүзілік қысқы универсиадаға арналған «Қазақстан, тек алға!» атты жастар патриоттық акциясы болып өтті. 

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері; Алматы қаласы мәслихатының депутаттары; белгілі спортшылар; республикалық және қалалық ЭМБ жетекшілері; мемлекеттік органдар өкілдері; Алматы қаласының тұрғындары, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің курсанттары; Алматы қаласының жастары, «Жарасым» РЖҰ мүшелері; БАҚ өкілдері.

Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Қ.В Мамсуров іс-шараны ашып, алғы сөз айтты.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ниязова Н.И., Қазақстан Республикасы альпинистері құрамасының Жұмаев М., Надиров М., «Алматы қаласы кәріс орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Кан Г.В., «Ахыска» түрік орталығы төрағасының орынбасары Асиев Ш.А. сөз сөйледі.

Барлық қатысушылар 28-ші Қысқы универсиада еліміздің абыройын асыратындығын атап өтті. Дүниежүзілік спорт жарыстары жастар арасында ел үшін мақтаныш сезімі мен отансүйгіштікті насихаттауға, сонымен қатар салауатты өмір салты мен спорттың дамуына жол ашады.

Алматы қаласында Универсиада өткізілгеннен кейін спорттық инфрақұрылымның деңгейі көтеріледі. Бұл келешекте қысқы спорт түрлері бойынша ең жоғары деңгейде жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Барлық спорт нысандары Универсиада аяқталғаннан кейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді болады.

Алматы қаласы татар-башқұрт орталығының мүшесі, Универсиада ұйымдастыру комитетінің өкілі Абдухаликов Р. іс-шараға дайындалу және оны өткізу туралы баяндап берді. Өз сөзінде ол жарысқа 57 мемлекеттен келетін 2 мыңға жуық спортшы қатысатындығын атап өтті. 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар спорттың 12 түрі бойынша өткізілмек. Универсиада аясында 181 жарыс пен 21 мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Аталған спорт мерекесіне 30 000 отандық және шетелдік турист қатысады деп күтілуде.  Универсиада 80 елдің телеарналары бойынша 1 млрд. көрерменге таратылады.

Іс-шараға қатысушылар спортшыларға сәттілік пен абыройлы жеңіс тіледі және де барша қазақстандықтарды жоғары азаматтық ұстаным танытып, 28-ші Қысқы универсиадаға қатысуға шақырды.

«Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшелері «Қазақстан, тек алға!» атты флешмоб ұйымдастырды. Іс-шара соңында жастар акциясының құрметті қонақтары мен еліміздің атақты спортшылары Қысқы Универсиада, ҚХА, Алматы қаласы, «Жарасым» РЖҰ логотиптері бейнеленген баннерге ізгі тілектерін жазып, барлық қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Баннер 2017 жылғы 29 қаңтарда Универсиаданың ашылу салтанаты болып өтетін алаңда орналастырылады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56