^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арнайы үндеуін талқылау өтті

2017 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына  2017 жылғы 25 қаңтарда жасаған арнайы Үндеуін талқылау мақсатында жиналыс өтті.

Жиналысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ҚХА ардагерлері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны Алматы қаласы Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі, Алматы қаласы ҚХА хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Жиналысты Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Николаевич  Питоленко ашып, жүргізді.

Жиналыс барысында «Барбанг» Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының төрағасы Мирзоев К.И., Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В., «Ахыска» түрік орталығы төрағасының орынбасары Асиев Ш.А., Алматы қаласы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Кан Г.В., Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ниязова Н.И., «Қазақстандық дүнгендер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Войнце А.В. сөз сөйледі.

Барлық сөз сөйлеушілер Қазақстанның бір орында тұрмайтынын, бүкіл әлеммен қатар дамитынына тоқталды. Қазақстанның бірегейлігі біздің өз тәжірибемізді пайдалана отырып, әрқашан өз даму жолымызбен жүруіміз қажет екендігін тілге тиек етті. Оның мысалы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын айтуға болады. Оның тәжірибесін әлемдік қоғамдастық жоғары бағалап және XXI ғасыр ұлттық саясатының үлгісі болып табылады. 

Осы уақытқа дейін қойылған мақсаттар орындалып және заманға сай жаңа өзгертулер талап етіледі. Бүгінгі таңда демократияның объективті механизмдеріне өту қажет. Билік өкілеттіктерін Парламент пен үкіметке бөліп беру оларға деген сеніммен қатар, Парламент пен Үкіметтің Президент және халық алдындағы жоғары жауапкершілікте болуын білдіреді.

Жиналыс қатысушылары алда тұрған конституциялық реформаларды толығымен құптап, барлық қазақстандықтарды белсенді азаматтық позиция ұстануға үндеді. Жиын қорытындысы ретінде Қазақстан Ресупбликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаларды талқылау бойынша қатысушылар шешімінің жобасы оқылды. Ұсыныстар мен толықтауларды ескере отырып, шешім қабылданды.

Қатысушылар шешімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен мемлекет дамуының негізгі принциптері қалыптасқаны атап өтілді. Бұл принциптер өзін ақтап, қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысы ұсынған өзекті де орынды бастама еліміздің дамуы жолында бұл  реформаны жүзеге асыруға нағыз қолайлы уақыт келгендігін көрсетеді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56