^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыда «Дүнген этномәдени орталықтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестік мүшелерінің жиналысы өтті

2017 жылғы 3 ақпанда №151 жалпы білім беретін мектепте «Дүнген этномәдени орталықтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестік мүшелерінің жиналысы өтті.

Жиналыс барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы және Елбасының конституциялық реформа бойынша ұсыныс жасау мәселелері талқыланды.

Жиналысқа Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров К.В., Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Ж.Ш., Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Хахазов Шакир Хусаинович, қоғамдық бірлестік белсенділері, ұстаздар мен жастар қатысты.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаңа жолдауда жаңғырудың негізгі қағидалары белгіленген. Бұл қағидалар өзінің патриотизмі, ішкі ресурстардың жұмылдырылуы, прагматизмі, ең пайдалы тәжірибені қолдануымен ерекшеленеді. Сол үшін үшінші жаңғыру – бұл дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік», - деп Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек өз ойын білдірді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56