^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
АЛМАТЫДАҒЫ НЕМІС ҮЙІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2017 жылғы 6 ақпанда Алматы қаласындағы Неміс үйінде «Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктерінің «Возрождение» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің республикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Питаленко, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан неміс жастарының өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушыларды «Возрождение» Қазақстан немістер қауымдастығының төрағасы Александр Дердер қарсы алды. Ол Қазақстан 25 жылда дербестік пен жаңа тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіншілік алып, үлкен жетістікке жеткенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда біз керемет жұмыс атқардық, алайда, Елбасы босаңсуға болмайтынын, қайта жеңді түріп кірісу керектігін айтты – алдымызда мемлекетті жаңғырту мақсаты тұр, алдымызда әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кіру мақсаты тұр», - деп пайымдады ол.

Конференция барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы, сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56