^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан - жүрегімде»

2017 жылдың 30 мамыр күні Жазушылар үйінің концерт залында, Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен және Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық Келісім» КММ көмегімен «Қазақстан - жүрегімде» атты түрлі этнос өкілдері арасында қазақ мәдениетінің шығармашылық фестивалінің финалы өтті.

Бұл фестиваль біздің елімізде тұратын этнос өкілдерінің қазақ халқының тілі мен мәдениетін білу деңгейінің көрсеткіші болды. Фестиваль екі негізгі номинация бойынша өтті. Олар: қазақ тілінде ән орындау және қазақтың ұлттық биі.

Бұл іс-шараға орыс, түрік, ұйғыр, өзбек және басқа да ұлт өкілдері қатысты. Қазақтың дәстүрлі би өнерін Корей дәстүрлі би студиясы «Нам Сон», Ұйғыр ұлттық ансамблі «Интизар» және «Долан» би ансамблі көрсетті. Сондай-ақ, өзінің «Қуыршақ» биімен көрермендерді фестивальдің ең кішкентай қонағы, халықаралық би байқауларының жеңімпазы, Кайратжанова Аманиса тәнті етті, сонымен қатар әділ-қазылар алқасы фестивальдің жүргізушісі Колесникова Ольганы ерекше атап өтті, оның қазақ тілін меңгеріп, жетік білуінің арқасында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жас әртістердің шығармашылығын әділ-қазылар алқасының кұрамына кірген ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер Әділханов Ғазизхан, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, педагог-хореограф, Исаева Альденовна Гульден, Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мурунова Жаннат Шарапхановна бағалады.

Фестивальдің барлық жүлдегерлері атаулы дипломдармен марапатталды, ал әр номинация бойынша жеңімпаздарға ұлттық нақыштағы бағалы сыйлықтар берілді.

«Қазақ әні» номинациясы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1– орын Дундар Семих (түрік ұлтының өкілі);

2– орын Семенова Анастасия (орыс ұлтының өкілі);

3– орын Мамедов Азиз (әзірбайжан ұлтының өкілі).

«Қазақ биі» номинациясы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1– орын Корей дәстүрлі би студиясы «Нам Сон»;

2– орын Ұйғыр ұлттық ансамблі «Интизар»:

3– орын Би ансамблі «Долан».

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56