^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Балаларды қорғау күні!

2017 жылдың 1 маусымында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Ынтымақ» Мәслихат депутаттық тобының, этномәдени бірлестіктер басшыларының қолдауымен «Астана» қонақ үйінің үлкен мәжіліс залында мүмкіндігі шектеулі 100 бала үшін іс-шара өткізді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бастап тойланып келе жатыр, бұл жаздың, демалыстың бірінші күні, осыған орай депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері атынан жанашыр адамдар, өз денсаулығының жағдайы бойынша қарапайым мектептерде оқулары, әдеттегі балалар сияқты ойнаулары мүмкін емес балалардың бұл мерекені барынша сезінуіне күш-жігерін жұмсады.Дәл осындай мүмкіндік ұсыну ұйымдастырушылар мен демеушілердің басты мақсаты болды. 1 маусым - балалар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі және ата-аналардың өз балаларына қуаныш пен махаббат сыйлау мүмкіндігі, сондай-ақ, бұл мереке балалар қамқорлық пен қорғауды қажет ететінін еске салу болып табылады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тізімін Алматы қаласының әлеуметтік бағдарламалар және аудандық жұмыспен қамту бөлімшелері қамтамасыз етті.

Бұл мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар өз ата-аналарымен бірге келді. Олар үшін түрлі тағамдарға, жеміс-жидектер мен тәттілерге толы дастарқан жайылды, Қазақ Мемлекеттік циркінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аниматорлар мен суретшілер шақырылды. Сонымен қатар, іс-шараға «Кербез Гүлдер» би ансамблі қатысты, олар «Андижандық полька», «Үнді биі» сияқты әсерлі билерін көрермендерге паш етті.

Алматы қ. ҚХА жанындағы «Қоғамдық келісім» Кеңесінің төрағасы – Л.А. Ни, Алматы қ. ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы – Н.И. Алматы Ниязова, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Ж.Ш. Мұрынова, этномәдени бірлестіктердің төрағалары: В.Ахмадулла, А.Ж. Исматуллаев, А.А. Ушуров құттықтау сөз сөйлеп, балаларға өз ізгі ниеттерін білдірді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары, бұл мереке – жалпы барлық балалар үшін, шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан оны барлығы тойлауына болатынын көрсетуге тырысты.

Мерекелік концерттен бөлек, шақырылған балалар дайындаған сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Бірде-бір бала құр қол кеткен жоқ, оларға әр түрлі сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді.

Іс-шара демеушілері: Алматы қаласының Мәслихат депутаты – З.И. Касанов, Алматы қаласы Мәслихатының «Ынтымақ» депутаттық тобы, Венгр мәдени орталығының төрағасы – А.А. Папп, Алматы корей ұлттық орталығының төрағасы – Б.С. Шин, «Луйс» Армян мәдени орталығының төрағасы – Г.Г. Оганджанян, «Ирныхас» Осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы – К.В. Мамсуров, Өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрағасы А.Ж. Исматуллаев, «Авиценна» Тәжік мәдени орталығының төрағасы – Б.Ташпулатов.

Балалар үшін «ИнтерКонтиненталь Алматы» қонақ үйінің директоры Хакан Демирчекен мырза сыйлаған 15 келілік торт үлкен тосынсый болды.

Ата-аналар мен балалар естен кетпес мереке ұйымдастырылғаны үшін өз алғыстарын білдірді.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56