^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 жылдың 10 маусым күні Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жастары арасында мини-футболдан жарыс өтті.

2017 жылдың 10 маусым күні Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жастары арасында мини-футболдан жарыс өтті. Жарысқа 7 этномәдени бірлестіктерінің жастары мен «Қоғамдық келісім» КММ командасы қатысты. Командалар 2 топқа бөлініп, жеңімпаздары келесі айналымға өтті.

Іріктеу ойындарының барысында жартылай финалға 4 команда шықты: Алматы Кәріс ұлттық орталығының командасы, «Қоғамдық келісім» КММ командасы, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының командасы және «Мурас» Қырғыз этномәдени бірлестігінің командасы.

Жартылай финалдың ойындары барысында Алматы Кәріс ұлттық орталығының командасы мен «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының командасы финалға шықты.

20 минуттық қарқынды қызу ойын финалисттер арасында жарыстың жеңімпазын анықтады. Сонымен, «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» аясында өткен этномәдени бірлестіктерінің жастары арасында мини-футболдан жарыстың жеңімпазы Алматы Кәріс ұлттық орталығының командасы атанды. Үшінші орын үшін «Қоғамдық келісім» КММ командасы мен «Мурас» Қырғыз этномәдени бірлестігінің командасы арасындағы жарыста Қырғыз ЭМБ жеңді.

«Қоғамдық келісім» КММ 1, 2 және 3 орынға ие болған командаларға футболкалар, бейсболкалар, мадақтамалар мен медальдарды жүлде ретінде берді. Одан басқа, жарыс жеңімпаздары Қазақстан және Дания мемлекеттерінің футболдан құрама командалары арасындағы ойынға билеттерге ие болды. Жүлделерді «Қоғамдық келісім» КММ бөлімінің жетекшісі Джумагулов Е.Э. берді.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56