^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
2017 жылдың 23 маусымында Алматы қ. Достық үйінде Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

2017 жылдың 23 маусымында Алматы қ. Достық үйінде Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара модераторы Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннта Шарапханқызы болды.

Отырысқа Алматы қ. Достық үйінде Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандық Қоғамдық келісім кеңестерлерінің төрағалары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыста төрт негізгі мәселе талқыланды:

  • «Қоғамдық сананы жаңғырту жобаларына Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы туралы»;
  • «Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасы туралы;
  • «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» жобасы туралы;
  • Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Бірінші мәселе бойынша Мұрынова Ж.Ш. шығып сөз сөйледі. Ол ЕлБасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрініс тапқан міндеттерді орындауда Алматы қ. ҚХА ҚКК мүшелерінің белсенді қатысуының маңыздылығын белгілеп айтты.

Екінші мәселе жайлы Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Алматы кәріс ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Кан Георгий Васильевчи шығып сөз айтты. Оның Үштөбе қ. киелі жерлері туралы сөзінен кейін, Мұрынова Ж.Ш. барлық этномәдени бірлестіктіріне Ғылыми-сарапшылық тобымен бірлесіп, өз этносының кіші Отанының киелі және тарихи жерлері жайлы ақпаратты жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» немесе «Туған жер» жобалары аясында кітап шығаруға ұсынды.

Әрі қарай, ««Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» жобасы туралы» баяндамасымен Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «Ватандаш» Қырым татар мәдени орталығының төрағасы Бабалиев Сеит Умерсенович сөз айтты. Ол осы жоба озық гуманитарлық ойға жетуге мүмкіндік беріп, қоғамдық сананың әлемді аңғарудағы оралымсыздығы, догматизмі мен біржақтылығы сияқты кемшіліктерін жоюға бағытталғанын атап айтты.

Диалогтық алаң аясында Мамсуров К.В., Исматуллаев А.Ж., Лукашев В.А., Мұрынова Ж.Ш. және Ни Л.А. өз пікірлерімен бөлісті.

Төртінші мәселе бойынша Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннта Шарапханқызы сөз айтты. Ол Ни Любовь Августовна қаланың ҚХА ҚКК төрағасы лауазымынан өз қалауы бойынша кететінін мәлімдеді.

Осыдан кейін, Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен орынбасарларын тағайындау ұсынысы жасалды. Алматы қ. ҚХА ҚКК төрағасы мен орынбасарлары кандидатурасы мен ҚКК жаңа құрамын талқылаудан кейін, Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері бірауыздан дауыстарын берді.

Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында келесі кандидатураларды бекіту шешімі қабылданды:

  • Алматы қ. ҚХА ҚКК төрағасы – Исматуллаев Абдулла Жаппарович;
  • Алматы қ. ҚХА ҚКК төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович;
  • Алматы қ. ҚХА ҚКК төрағасының орынбасары – Аюбов Рамазан Кериевич;
  • Алматы қ. ҚХА ҚКК мүшесі – Балгимбаева Назар Албанович, Хисматуллина Альфия Анваровна және Альтекова Нурсауле Абдыкадыровна.
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56