^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«2017-2020 жылдарға дін аясындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«2017-2020 жылдарға дін аясындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Алматы экономика және статистика академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Қазақстан дінтанушылар конгрессі» қоғамдық бірлестігінің көмегімен 2017 жылдың 10 қазанында 2017-2020 жылдарға дін аясындағы мемлекеттік саясаттың концепциясын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы экономика және статистика академиясының ғылым мен инновация бойынша проректоры, физика-математикалық ғылымдардың докторы, профессор Мухамбетов Даут Галимжанович, «Ирныхас» осетин мәдени-ағартушылық орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирович, «Дінтанушылар конгрессі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Сатершинов Бахытжан Менлибекович, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері Бектенова Мадина Кенесарыевна, «Алматы қаласының дін істері басқармасы» КММ бас маманы Какимсейтов Ербол қатысты. Іс-шара модераторы «ҚХА орталығының» директоры Божбанбаев Бауыржан Муратбекович болды.

Дөңгелек үстелдің соныңда 1 курс студенттері Жандаралы Зарина, Орынбек Атахан, Сатымбай Серік, Ермахамбетов Нурдаулет, Уразаев Ерсултан Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты дамуының басымдылығына және Қазақстан Республикасының дін істері бойынша заңнамалық актілеріне байланысты сұрақтар қойды. Дөңгелек үстелде БАҚ-нан Хабар 24 KZ телеарнасы болды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56