^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 13 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Шыңына шыққандарды марапаттады

Алматы қаласының Достық үйінде 2018-2019 ж.ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының Шыңына шығуына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға: Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы – Ниязова Нурия Исмагиловна, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі – Серазетдинов Александр Дугласович, Алматы қаласы карело-финэтномәдени бірлестігінің төрағасы – Смирнов Александр Борисович қатысты.

А.Д. Серазетдинов жиналғандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының шыңы – Нұр-Cұлтан шыңымен бір тау жотасында орналасуының идеясы мен бастамасы туралы, Альпиниада 2018 аясында 2018 жылы біздің елдің азаматтарының осы шыңға жаппай шығуы туралы және 2019 жылы ҚХА шыңында үш тілде ескерткіш тақтаның орнатылуы туралы айтты. Қатысушылар аталмыш бастаманы жүзеге асырудағы ҚХА мен Альпинизм Федерациясының үлкен бірлескен жұмысын атап өтті және жоғары бағалады.

2018 жылы азаматтардың осы шыңға алғашқы жаппай шығуы кезінде (200-ге жуық адам) ҚХА (А.Д. Серазетдинов) және Альпинизм федерациясының (А.Ю. Софрыгин) өкілдері алғаш рет ҚР мен ҚХА-ның мемлекеттік туларын, сондай-ақ тарихта алғаш рет Bose портативті акустикалық жүйенің көмегімен еліміздің Әнұраны шырқалды.

Іс-шара аясында Казбек Владимирович пен Нурия Исмагиловна Ассамблеяның Алғыс хаттарын Алматы қаласы Альпинизм Федерациясының Президенті мен өкілдеріне, сәйкесінше: А.А. Скопинге, А.Ю. Софрыгинге, М.А. Нартовқа, Е.Б. Киселевке, А.Т. Медведевкежәне ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі – А.Д. Серазетдиновқа, сондай-ақ, ҚХА шыңына орнатылған ескерткіш тақтаның дизайнын жасаған Инесса Плавскаяға табыстады.

Жиналғандарға осы шыңға шығу туралы деректі фильм ұсынылды. Нұр-Cұлтан шыңының жанында екінші маңызды шыңның болуы альпинистерді, әсіресе жастарды қызықтырды және әрі қарай да қызықтырады, бұл сөзсіз біздің еліміздің азаматтары арасында патриотизм мен салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

 



 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56