^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 13 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыда жас журналистерге арналған этножурналистика мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жастар жылы аясында Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Электронды БАҚ-тағы этножурналистиканың мәселелері» атты семинар-тренинг өтті.

 

Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – жас журналистердің этносаралық мәселелер туралы айтылған жерлерде жауапкершілік пен этиканы сақтап, толеранттықты нығайтуға атсалысуына ықпал ету және мамандықтарына пайдасы тиер әдістемелік нұсқаулар мен бағыт-бағдар беру. Сол арқылы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық электрондық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Тренинг барысында, ЖОО-дағы журналистика факультеттерінің студенттеріне Республикалық «Уйгур Авази» ұйғыр газетінің бас редакторы Ершат Асметов пен Республикалық «Ахыска» түрік газетінің бас редакторы Ровшан Мамедоглы өз еңбек жолдарындағы тәжірибелерімен бөлісіп, этножурналистика бойынша тағлымды ақпараттармен бөлісті.

Бағдарламаға сәйкес, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, Phd докторант Әлімжанова Айкерім Болатқызы «Этножурналистикадағы тақырыптық ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. «Атамекен» бизнес арнасындағы «ЗамандасLIVE», бағдарламаларының авторы әрі   жүргізушісі Жәния Әбдібек «Қазақстанның БАҚ-дағы ұлтаралық араздық мәселелерінің көрінісі. Медиасауаттылық және журналистік этика» тақырыбы бойынша студентерге дәріс оқыды. Арнайы шақырылған тренерлер студенттерге тақырыпқа сай интеллектуалдық ойындар ойнатып, этножурналистика саласы бойынша бағыт-бағдар мен өз мамандықтарына адал болуға кеңес берді.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлық табыс етілді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56