^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыдағы Достық үйінің қабырғасында «Отбасылық медиация: түсіністік пен келісім жолы» атты дөңгелек үстел басында талқыланды

2020 жылғы 30 қаңтар күні – республикалық Достық үйінде   "Отбасылық медиация: түсіністік пен келісім жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, қоғам қайраткерлері, аудандық сот төрағалары, медиация орталықтарынан, аналар кеңесінің жетекшісілері қатысты.

Жиында отбасы медиациясы және медиативтік тәсілдерді, отбасындағы даулардың алдын алу мен шешу кезінде қолдану тәсілдері, отбасын сақтау арқылы қоғамдағы тұрақтылық кепілін ныйғайту бойынша пікір алысып, алдағы уақытта отбасылық дауларды алдын алу шараларын іске асыру, үгіт-насихат жүргізу барысы талқыланды. Мұндағы негізгі мақсатымыз -отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, мемлекеттің негізі   бөлшегі бала мен оның құқығын қорғау жайлы болды.

«2019 жылы басталған бағдарлама биыл да жалғасын табуда. Әлі де жұмыс істейміз. 2019 жылдың нәтижелеріне келсек, сотқа 1719 талап арыз түскен», - дейді № 2 Әуезов аудандық сотының төрағасы Ербол Түлеев.

Статистика бойынша ажырасуға 85 пайыз жағдайда әйелдер арыз-шағым түсіреді екен. Шараны ұйымдастырушылар бала құқығын қорғау мақсатында мұндай жобалар ауадай қажет дейді.

«Ендігі негізгі мақсатымыз отбасылық институт ары қарай қалыптастырып, сөзін өткізе алатын елге белгілі азаматтардың арасынан топ құрып, үйленуге бет бұрған және ажырасуға ниет етіп отырған азаматтарға өзіміздің түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып отыр», - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» ММ сарапшысы Нұрсәуле Әлтекова.

Дөңгелек үстел соңында қонақтар мен қатысушылар отбасылық медиация саласында талқыланған мәселелер туралы қысқаша қорытынды жасады. Олар отбасылық мәселелерден туындайтын дауларды шешуге қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде тренер-медиаторлар тараптарды татуластыруда медиация әдістерін қолдану бойынша мастер-класс көрсетті.


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56