|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
Әлеуметтік сала / Дін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбаты, 2017 жыл 20 ақпан
– Нұрлан Байұзақұлы, еліміздегі діни ахуал өткен жылдармен салыстырғанда қалыпты. Десек те, зайырлы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмейтіндердің қатары көбейіп келеді деген пікірмен келісесіз бе? – Бұл жерде міндетті түрде басын ашып алатын мәселе бар, ол – діни ахуал ұғымы. Діни ахуалдың тұрақтылығы еліміздегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтардың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, азаматтардың дін саласындағы саясатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы тәрізді көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесінен құралады. Бұл жағынан алғанда еліміздің дін саласында шешімін таппай отырған мәселе жоқ. Мемлекеттік-конфессиялық тұрғыдан дәйекті қатынас орнатылып, азаматтардың діни бостандығы толығынан қамтамасыз етілген. Әрине, бұл еліміздің дін саласында ешқандай мәселе жоқ дегенді білдірмесе керек… Біздің қоғамымызда радикалдық діни ағымдардың деструктивті идеяларының таралуынан көрініс тауып отырған және көпшілікті алаңдатып отырған мәселелердің бар екені сөзсіз. Мен былтырғы жылы қазан айында өткен брифингте салафизм идеологиясын еліміз үшін мүлдем жат әрі теріс діни ағым деп санайтынымыз туралы Үкіметтің ұстанымын білдірдім.
Зайырлы заңнамалармен реттелгені жөн
– Салафизм идеологиясының терістігі неде? – Радикалдық діни ағымдардың ұстанушылары өз идеяларын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздан жоғары қояды және діни талаптармен өмір сүретін мемлекетті қоғамдық құрылыстың «ең дұрыс жүйесі» деп есептейді. Ал мұндай шетін идеялардың біздің мемлекетімізге және сан ғасырлық тарихымыз бен мәдениетімізге қайшы келетіні айтпаса да түсінікті. – Осы мәселеге байланысты нақты қандай шаралар жүргізілуде? Сондай-ақ, теріс діни ағымдардың идеяларын ұстанушылар ортасында, тіпті дәстүрлі ханафи мазхабын ұстанушылардың арасында да заңды некеге тұруға немқұрайлылық таныту жайттары кездеседі. Бұл дұрыс емес. Еліміздің заңына сәйкес некеге тұру міндетті түрде мемлекет тарапынан тіркеледі. Бұл – некеге тұрған азаматтардың құқықтары заңды түрде қорғалады деген сөз. Сәйкесінше, некелерін діни жолмен қидырып, оны заңдастырмаған қыздардың, мұндай отбасында дүниеге келген балалардың құқықтарын мемлекет қорғай алмайды.
Дінді мектеп қабырғасында дұрыс түсіндіру керек
– Олай болса, жастардың діни ағымдарға тез тартылу себебі неде деп ойлайсыз? Жастардың арасында ғылыммен, спортпен, өнер түрлерімен терең айналысып, дінге мүлдем қызықпайтындары да, өздерін атеист санайтындары да бар екенін айта кету керек. Осы орайда, министрлік басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, жастар арасында дәстүрлі ұлттық және тарихи құндылықтарды насихаттау, зайырлылық қағидаттарын ілгерілету, дінді радикалды тұрғыдан ұғынудың қаупін түсіндіру және олардың бойында теріс діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтар болсам, 2016 жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен барлық өңірлерде жастармен 9 мыңнан астам тікелей іс-шаралар өткізіліп, онымен 700 мыңнан астам жастар қамтылды. Министрлік 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігімен, еліміздің жастарының айтарлықтай кең тобын біріктіріп отырған «Жас Отан» жастар қанатымен және Қазақстан жастары конгресімен бірлесе отырып, жастар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын іске асырды. Тұрғындардың пікірі бойынша діннің дұрыс түсінігін қалыптастыруды және діни экстремизмнің алдын алуды мектеп қабырғасынан бастау керек. Бұл мақсат 2016 жылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушылары үшін енгізілген «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні шеңберінде іске асырылуда.
|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|