^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Қоғам / КОБ-ті қолдау / Индустриалды аймақ

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ

Алматы қаласының индустриялық аймағы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының Стратегиялық жоспары мен Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған. Индустриялық аймақтың жұмысы Кәсіпкерлік кодексімен және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасымен реттелген.

Индустриялық аймақ жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және, бірінші кезеңде, Алматы қаласында өнеркәсіптің басымды бағыттарын дамытуға арналған – ол машина жасау және метал өңдеу, тамақ, жеңіл, фармацевтік, химия өнеркәсіптері және құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар, қаланың тұрғын аудандарынан өнеркәсіп кәсіпорындарының орын ауыстыруына, технологиялық, инновациялық өнім шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға артықшылық көрсетіледі.

Алматы қаласының индустриялық аймағын құруға, оның ішінде өнеркәсіп өндірістері мен тиісті инфрақұрылымның – автомобиль мен темір жолдарының, логистикалық пен әкімшілік орталықтарының құрылысына және оларға қызмет көрсетуге арналған Алатау ауданындағы 490 гектар бос алқаптар бөлінген. Бүгінгі күні 40 компания индустриялық аймақтың қатысушысы болып табылады, жоспарланған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 191,3 млрд. теңгені құрайды, өндірістерді пайдалану кезінде 4 905 тұрақты жұмыс орны ашылады. Шығаруға жоспарланған өнімнің де спектрі өте кең – балмұздақтан бастап мұнайгаз өнеркәсібінде қолданатын болаттан жасалған құбырларға дейін.

Инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпкерлік субъектісінің басқарушы компаниясына жолдануы және өтінім беруі;

2) өтінім бойынша эксперттік қорытынды дайындау, Алматы қаласы әкімдігінің Аумақтық үйлестіру кеңесіне жобаны қосу жөнінде ұсыныс жасау және оны мақұлдау туралы шешім шығару;

3) Алматы қаласы әкімдігіне 3 жылға дейінгі мерзімге уақытша ақылы жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш беру;

4) нысанды жобалау және құрылысын жүргізу.

Бұдан басқа, басқарушы компаниясы индустриялық аймақтың қатысушыларымен өзара қатынас жасайды және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді, жаңадан іске қосылған инфрақұрылымға қызмет көрсетеді. Бұл мақсатта басқарушы компаниясы, қатысушыларға және инфрақұрылым нысандарын жобалау мен құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдарына қызмет көрсету үшін индустриялық аймақта уақытша үй-жай орналастырған.

Қызығушылық болған жағдайда, келесі телефон бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 237 69 13

Ресми сайт indzone.kz


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13