^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Қоғам / КОБ-ті қолдау / Бизнесті қорғау

Әкімшілік тосқауылдарды азайту және кәсіпкерлік нысандардың заңсыз тексерулері бойынша

2012 жылдың шілде айында ҚР «Рұқсат құжаттамаларды азайту және мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру бойынша ҚР кейбір Заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшаларды енгізу туралы» Заңы шыққаны мәлім. Осы Заң бойынша кәсіпкерлердің лицензиялар саны, рұқсат процедуралары мен құжаттары 30 %-ға азайды. Қабылданған Заңға сай, кәсіпкерлік нысандарына қатысты критерийлер де қайта қарастырылды. Қазіргі кезде критерийлер ретінде пайдаланатын «жұмысшылардың ортажылдық саны» және «активтердің ортажылдық бағалары», «ортажылдық кіріс» деген объективті көрсеткішке ауыстырлған.

Елбасының тапсырмасы бойынша, қазір рұқсат процедуралар мен құжаттар беруді қысқарту жұмыстары жалғасуда.

Осы тапсырманы орындау барысында, бекітілген Жоспар-кестеге сәйкес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарды тыңдаумен қоса, оңтайландыру, түгендеу және рұқсат процедураларды қосымша 30 %-ға азайтуды қайта қарастыру бойынша, 2012 жылдың тамыз айында Басқарма Іскер Кеңестің Жұмыс тобының жиналысын өткізді.

Өткізілген түгендеу нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 29 мемлекеттік орган 15 рұқсат процедураларды (құжаттарды) көрсетіп, оның төртеуі қысқартылуға (азайтуға), бесеуі жойылуға ұсынылды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде, біз рұқсат процедураларды 0,06 %-ға азайттық.

Алға қойылған Әкімшілік тосқауылдарды азайту бойынша мақсаттарға жету үшін, Алматы қаласы сәулет және қалақұрылыс Басқармасы қала аумақтарын инженерлік қамтамасыз ету және сәулет-қалақұрылыс игеру бойынша Бірыңғай ақпараттық орталық құру туралы ұсыныс енгізді. Аталмыш орталық құрылған жағдайда рұқсат құжаттардың бір бөлігін, әрі жобалық, әрі заңды құжаттарды, электронды құжатайналымға көшу арқылы қысқарту мүмкіншілігі туындайды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жылдың аяғына дейін рұқсат процедуралардың кейбір түрлерін хабарландыру тәртіпке көшіру тиіс.

Анықтама телефондары: 271-65-69, Алматы қалалық кәсіпкерлер ассоциациясы: 272-98-48, 261-08-60.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13