^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 26 сәуір 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Hyundai автомобильдерін шығаратын зауыт салынады
21 сәуір 2019 - 14:15
Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ маңында Қазақстан Республикасының қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады. Өзінің құттықтау сөзінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі таңда Алматының жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Тек үш ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4%-ға артып, 111,1 млрд. теңгеге жетті. «Зауыт 700-ден астам алматылықтарды тұрақты жұмыспен қамтиды, ал бұл - біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан дайын инфрақұрылымдар
Алматыдағы этноспорттың Бүкіләлемдік конфедерациясының Халықаралық форумына 30 елдің өкілдері келді
20 сәуір 2019 - 14:40
Алматыда өтіп жатқан «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» этноспортының Бүкіләлемдік конфедерациясының екінші халықаралық форумына әлемнің 30 елінен 150-ден астам делегация қатысуда. Форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіләлемдік ойындарының өтетіні халқымыздың тарихын, мәдениеті мен өнерін ғана көрсетіп қоймайтынын, сонымен қатар өскелең ұрпақтың мақсат-мүддесін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. &
Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен бала бақшалар салынады
19 сәуір 2019 - 18:41
Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайла
Алматыда Елбасының әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды
18 сәуір 2019 - 17:01
Алматыда «Nur Otan» қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» әлеуметтік бағадарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін «Бақытты отбасы» қалалық Жол картасы жасалғанын атап өтті. Ж
Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
16 сәуір 2019 - 15:09
Әлібек Әлденей Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы атанды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегі. Түрлі жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында және басқаларында қызмет атқарған. 2015 жылдан «Алматы» телеарнасын басқарды. Осы уақыт ішінде компания айналымы 3 есе өсті.
Алматыда жапондық сакура Аллеясы пайда болады
14 сәуір 2019 - 15:43
Алматыда Есентай өзені жағалауының бойында күншығыс елінің символы болып табылатын сакура Аллеясы пайда болады. Бүгін салтанатты рәсім кезінде Бауыржан Байбек пен «Tokyo Rope International» трансұлттық корпорация президенті Сато Казунори алғашқы жапондық ағаштарды отырғызды. Жапония - Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі. Бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға сапары барысында телекөпір арқылы болат өнімдерін шығаратын алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытын
«Jasyl Meken» жалпықалалық акциясының шеңберінде бір күннің ішінде Алматы қаласында жеті мыңдай ағаш отырғызылды
13 сәуір 2019 - 15:27
Отырғызылған ағаштардың ішінде: шаған, қайың, жөке ағашы, емен, шегіршін, акация, шырша және басқа да ағаштың түрлері бар. Бұл ағаш түрлеріңің көбісі таулы жерлерде жақсы өніп кетеді жəне көп күтіп баптауды қажет ете бермейді. Бастысы бұл ағаштар қаланың атмосферасын оттегімен қанықтырады. Отырғызылған ағаштар қаламыздың көшелері мен саябақтарына көрік берді. Қалалық акцияға 120 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде қала тұрғындары, қоғамдық жəне жастар ұйымдары өкілдері, Алматы қалалық «Nur Otan&r
Алматыда осы демалыс күндері 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады
12 сәуір 2019 - 17:09
Жалпықалалық «Jasyl Meken» акция барысында осы демалыс күндері Алматының барлық сегіз аудандарында 6 мыңнан астам ағаш отырғызу ұйымдастырылады. Көктемнің аяғына дейін қала басшылығы 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлауда. Дәл осы күндері қаланың барлық аудандарында көшелер, аула аймақтары, көпшілік орындар, арық желілері, өзен арналары мен жағалаулары санитарлық тазалықтан өтеді. Бұрындары «Jasyl meken» акция барысында Әл-Фараби даңғылының бойындағы бөлу жолақтарына 800 жапы
Алматыда маусым айында газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады
12 сәуір 2019 - 17:13
Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Маусым айында қала көшелеріне газбен жүретін төмен еденді 200 автобус шығатын болады. Барлығы биылғы жылы 460-тан астам жаңа автобус алу жоспарланған. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар кондиционерлермен, пандустармен және видеобақылау камералары жүйелерімен қамтылған. Жаңа жылжымалы состав көлікті күту уақытын және бағыттардағы кептеліс сағаттарын қысқартуға ммүмкіндік береді. Айта кетерлігі, қазі
Алматыда бағыттар бойынша тағы 460-тан астам жаңа автобустар жолға шығады
12 сәуір 2019 - 13:52
Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобустар алуды жоспарлауда. Жаңа жылжымалы состав Евро-5 экологиялық стандартқа сай және кондиционерлермен, видеобақылау, камераларымен, пандустармен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 ең тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобус жолаушы тасымалдауда. Айта кетерлігі, қала автобус паркінің 80%-ға жаңаруына қолма-қол ақысыз т
Беттер: 1 2 3 4 5 6 »
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13