^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 19 ақпан 2018
 
     
 
Жаңалықтар
Француздың «Leroy Merlin» ритейлері Алматыда гипермаркет ашады
16 ақпан 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Леруа Мерлен Восток» компаниясы бас директорының орынбасары Марк Лушемен кездесті. Әлемдік алпауыт – «Leroy Merlin» француздың ритейлері Алматыда құрылыс, үйді әрлеу мен жөңдеу тауарларын және 17,5 мың шаршы метр бақшаны өңдеуге қажет заттарды сататын гипермаркет ашады.

Қала басшысы «Leroy Merlin» сынды компанияның келуі өте маңызды әрі оның бренді мегаполистің экономикасы мен келбетіне оң өзгеріс әкелетінін, технология, инновация, білім бағыттарын дамытатындығын айтты.

Компания дүкен сөрелеріне қазақстандық сипаттағы тауарларды қоятын болады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Leroy Merlin» Алматыдағы 150 тауар өндірушілермен бизнес-конференция өткізіп, өзара ынтымақтастық, локальді өндірушілер стратегиясын дамыту, өнім жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптарды күшейту мәселелерін талқылады.

«Біз үшін дүкен ассортиментіне отандық өндірушілер тауарларын қою және жергілікті өндірушілер ісін дамытуға ықпал ету маңызды. Орта есеппен біздің дүкендерімізде 35 мыңға дейінгі тауар түрлері болады, сондықтан қазақстандық компаниялардың өздерін көрсете алуларына мүмкіндік мол», -деді Марк Луше.

Қазақстандағы «Leroy Merlin»гипермаркетінің құрылысы қаладан шыға берістегі «Aport» молласы аумағында салынады. Халықаралық компания өз жобасын жүзеге асыруға 10 млрд. теңге жұмсап, 350 тұрақты жұмыс орнын ашады.

«Leroy Merlin» - әлемдік нарықтағы бес бағыт - үй, интерьер, құрылыс материалдары, жөндеу, бақша бойынша жұмыс жасайтын әрі дүниежүзінің 12 елінде 97 мың қызметкері бар жетекші француздық топ. 2015 жылы компанияның тауар айналымы 17,6 млрд. евроны құрады.

Назарларыңызға, Алматыға соңғы жылдары 12 транссұлттық компаниялар келді, олар - McDonald’s, Carrefour, Starbucks, Evonik, Veolia, OBI, Staay Food Group, Medical Union Pharmaceuticals, Hikma Pharmaceuticals, Tokyo Rope Almaty, ЭФКО-Алматы, Leroy Merlin.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестен өтеді »»
16 ақпан 2018 - 16:51
Немістің «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тестен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді. Бұл автобустың басты ерекшелігі,«Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын п...
Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді »»
16 ақпан 2018 - 15:43
Бүгін Алматыда «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі арнайы кеңес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты. Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек ЭЫДҰ стандарттарына сай қалада «Алматы-2020» бағдарламасының белсенді түрде қолға алынғанын, сонымен қатар батыстық стандарт бойынша ашық, жайлы ...
Алматыда балалар бақшасына кезекке тұру ережесіне өзгерістер енгізілді »»
15 ақпан 2018 - 15:04
2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою» жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процесстері мен оның функцияларын және бала бақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата- ана электронды цифрлы қотаңба алуы тиіс. Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір бала бақшағ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13